Атап өтілгендей, қыс маусымында суды мұз түрінде сақтап, көктем мен жаз айларында оны біртіндеп еріту арқылы суару және шаруашылық қажеттіліктеріне бағыттау көзделген.
Бұл жасанды мұздықтар ФАО-ның Өзбекстандағы өкілеттігі, Экология және клматтың өзгеруі ұлттық комитеті және Ауыл шаруашылығы министрлігі бірлесіп жүзеге асырып жатқан «Өзбекстанда азық-түлік жүйелерінің жерді пайдалану және қалпына келтіруге әсерін бағалау бағдарламасы» жобасы аясында қаржыландырылды.
Қазіргі уақытта Сарчашма махалласында жалпы 4 жасанды мұздық бағаны салынған. Әрқайсысы қыс айларында 450 текше метрге дейін су жинап, оның пайдаланылу мерзімін көктем-жаз айларында ұзартуға мүмкіндік береді.
Технология энергияны қажет етпейді, экологиялық тұрғыдан қауіпсіз және жергілікті жағдайға бейімделген. Болашақта бұл тәжірибені еліміздің басқа таулы аймақтарында да енгізу жоспарлануда.