Өзбекстан фермерлері сары түсті қарбызды шығара бастады

    Агросектор 20 Iyun 2022 2823

    Ташкент облысының Ахангаран ауданындағы Имронбек Шахруза ЖШҚ фермер шаруашылығында тұқымы Оңтүстік Кореядан әкелінген Риамо сұрыпты сары қарбыз өсірілуде.

    Осы шаруашылық үш жарым гектар жерге сары (екі жылдан бері өнім алынуда) және қызыл қарбыз еккен.

    Сары қарбыз қалай пайда болған?

    Бұл қарбыз әлем базарында, сондай-ақ Өзбекстанда пайда болғанына көп болған жоқ. Сары қарбыз шетелдік селекционер ғалымдар тарапынан жабайы және мәдени қарбызды шатыстыру арқылы алынған гибрид саналады. Алғаш өнім Жерорта теңізі елдерінде алынған болса, бүгін дүниежүзі бойынша өсірілуде. Сыртқы көрінісінен сары қарбыздар сопақтау немесе домалақ болады. Қабығы жасыл, сары немесе ала-бұла түсте. Сары түсті қарбыз да орташа 1,5 килограмнан 4-5 килограмға дейін салмақты құрайды.

    Сары мен қызыл қарбыздың айырмашылығы неде?

    Олар арасында негізінен ең үлкен айырмашылық тек реңінде. Сары қарбыздың ұрығы аз немесе болмайды. Дәмі манго, лимон және ананасқа ұқсап кетеді. Сары қарбыз сұрыптары қызылға қарағанда сәл ертерек піседі. Яғни тезпісер саналады. Дүниежүзі бойынша сары қарбыздың бағасы қызылға қарағанда біраз жоғары болуда.

    Қалай өсіріледі?

    Тұқымынан өсірілетін көшет ашық жерлерге егіледі. Бұл мерзім елімізде март айларына тура келеді. Алғашқы өнім майдың орталарында алынады. Сары қарбыз сұрыптары ауруға және құрт-құмырсқаға төзімді. Сондықтан да арнайы химиялық дәрілеу қажет емес. Минералдық немесе органикалық тыңайтқыштар сай келеді. Қарбыздың топыраққа тиіп тұрған жері ақ немесе сары түске кірсе және ұрып көргенде ерекше дыбыс естілсе, демек піскен болады.

    Пайдалы ерекшеліктері

    Сары қарбыз құрамында А, Б1, Б2, Б5, Б6, Б9, Э, , ПП дәрумендер бар. Сонымен қатар кальций, калий, магний, темір, натрий, фосфор заттарына өте бай. Ол иммун жүйесіне жақсы әсер етеді, түрлі инфекцияға, вирустарға қарсы қүресуде көмек береді. Оның құрамында қант пен калория аз.

    Республикадағы ірі сауда орталықтарының сөрелеріндегі сары қарбызға көзіңіз түскен болар. Бүгінде елімізде өсіріліп жатқан сары қарбыз ішкі базар мен экспортқа шығарылуда деп хабарайды Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі.