2016 жылдан бастап Қатар Әмірінің бастамасымен құрылған сыйлық жыл сайын белгілі қоғам қайраткерлеріне, сарапшылар мен журналистерге олардың жаһандық деңгейде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске қосқан үлесі үшін беріліп келеді.
Сапар аясында жоғары деңгейдегі келіссөздер де өтеді.
Өзбекстан Президентінің биылғы 1-2 қазанда Қатарға мемлекеттік сапары барысында бірінші кезекте саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салаларда қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру барысы қарастырылады. Сондай-ақ күн тәртібіндегі халықаралық және өңірлік мәселелер бойынша пікір алмасылады.