Катар кәсіпкерлері Ташкент облысында жобаларды жүзеге асырмақшы

    Ташкент облысының әкімі Зойир Мирзаев «Qatar national cement» компаниясының бас атқарушы директоры Эсса Мухаммед Али Каладаримен кездесті.

    Екі ел арасындағы келіссөздер барысында облыста жасыл энергияны дамыту, қоқыстарды қайта өңдеу және компаниямен ынтымақтастық байланысты жүргізу мәселелері талқыланды.

    Ақпарат орнында, «Qatar national cement» компаниясы 1965 жылы құрылған, оның жылдық табысы 1 миллиард долларды құрайды.

    Катар мемлекетінен келген қонақтар компанияның цемент және бетон бұйымдарын шығарылуы, жылдық өндірістік қуаты 8 миллион тоннаны құрайтынын және әрине орнатылған ынтымақтастықтың нәтижесінде осы бағытта еліміздегі таза экологиялық ортаны қамтамасыз етумен қатар өнеркәсіп саласына да пайда тигізу туралы пікіріп білдірді, деп хабарлайды Ташкент облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

    Облыс әкімі араб елінен келген компания өкілдерінің ұсынысын мақұлдады.