Онда тараптар соңғы жылдары қол жеткізген нәтижелер мен жүзеге асырылып жатқан жобалар туралы пікір алмасты.
Атап айтқанда, «QazaqGaz» компаниясының «Узбекнефтгаз» АҚ-да жүзеге асырып жатқан жобалары тән алынып, кадрларды даярлау және біліктілігін арттыруда жинақтаған мол тәжірибе қазақ комипаниясына игілігін көрсетіні айтылды.
Талқылау барысында «QazaqGaz» компаниясының мамандары қазіргі уақытта “Кошаган” кен орнының ресурстарын тиімді пайдалану мақсатында газды қайта өңдеу болашақты жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктері шетелдік серіктестермен бірге зерделеп жатқанын айтты. Мұнда газ құрамына қосылған құны бар көмірсутек өнімдерін өндіру басты мақсат екені және бұл жөнінде тараптар аумақта жоғары нәтижелі жобаларды ынтымақтастықта жүзеге асыру мүмкіндігі айтылды.
Жүргізілген бейнеконференцбайланыс барысында тараптар өзара кадрлар біліктілігін арттыру және газды қайта өңдеу және көмірсутектерді терең қайта өңдеу бойынша жұмысшы топтарды қалыптастыру, сондай-ақ алдын ала зерттеулерді бастауға келісті, деп хабарлайды «Узбектефтгаз» АҚ баспасөз қызметі.
Ақпарат үшін: «Узбекнефтгаз» АҚ мен Қазақстанның «QazaqGaz» АҚ компаниялары арасында мұнай-газ өнеркәсібін дамытуға қаратылған жобаларды ынтымақтастықта жүзеге асыру және тәжірибе алмасу бойынша өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. Меморандум негізінде ынтымақтастықты кеңейту бойынша «Жол картасы» әзірленіп, іс-шаралары белгіленді. «QazaqGaz» компаниясы Қазақстанның вертикал интеграцияланған ұлттық газ компаниясы болып табылады, ол геологиялық барлаудан бастап өнімді өндіру мен өткізуге дейінгі қызметті жүзеге асырады.