Бұл мәселе Орталық Азиядағы бірегей шикізат орталығына талапкер Өзбекстан үшін өзекті саналады. Кездесуде атап өтілгендей, елімізде теріні қайта өңдеу бойынша ірі қуатқа ие. Бүгінгі таңда республикамызда 30-дан астам теріні қайта өңдейтін кәсіпорын жұмыс істейді. Бұл кәсіпорындарда жыл сайын 1, 641 миллиард дециметр тері қайта өңделеді.

 Мемлекет былғарыны қайта өңдеп одан дайын және жартылай дайын былғары өндіру бойынша орасан зор қоры бар. Сонымен бірге, ірі қара терісін толық қайта өңдеу мақсатында Түркіменстан мен Қазақстаннан былғары шикізаты импорт жасалуда. Елімізде өндірілген қосымша құны бар дайын және жартылай дайын былғары өнімдері кейіннен ТМД елдеріне экспортталады.  Осы бағыттағы ынтымақтастыққа Қырғызстан да мүдделі.

Екі ел арасында бір уақыттың өзінде бірнеше бағыттарда ынтымақтастық жасалу күтілуде. Бірінші бағыт Қырғызстаннан Өзбекстанға былғары жеткізу бойынша қарым-қатынасты жолға қою. Ол үшін серіктес тарапынан былғары шикізатын жеткізудегі ұлттық және халықаралық талаптарды зерттеп, оларды қатаң сақтауы қажет.

Екінші бағыт бойынша Өзбекстан серіктес елге қасапханалар, өнім өндіру кәсіпорындары қызметін жолға қоюға көмектеседі. Сондай-ақ, олардың шетелдік сапа стандарттарына жауап беретін озық автоматтандырылған жабдықтармен жабдықталуына көмектесу, мүмкін. Осы мақсатта диалогқа Өзбекстанның заманалық мал сою кәсіпорындарының өкілдері де қатысты. Олар тарапынан «Кілт беру»  әдісі бойынша ынтымақтастық жасау ұсынысы үйренілді.

Ынтымақтастықтың үшінші бағыты – екі елдің профильді бірлестіктері арасында кооперациялық байланыстарды жолға қою болып табылады. Мұның нәтижесінде былғары-аяқ киім өнеркәсібінде экспорттық-импорттық операцияларды жолға қою, біріккен жобаларды жүзеге асыру, жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды жаңғырту және дамыту бойынша тәжірибе алмасуда.

Кездесу соңында тараптар ынтымақтастықтың әрбір бағытын жан-жақты зерделеп, Қырғызстанға бизнес-турлар ұйымдастыруға келісті, деп хабарлайды «Узчармсаноат» бірлестігінің баспасөз қызметі.