Қырғызстанмен инвестициялық және өнеркәсіптік кооперацияны дамыту бойынша келісімдерге қол жеткізілді

    Үстіміздегі жылдың 25 январында инвестициялар, өнеркәсіп және сауда министрі Лазиз Кудратов, Өзбекстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары Жамшид Ходжаев және Қырғызстан Республикасы Министрлер Кабинеті Төрағасының орынбасары Бахит Торобаевтың басшылығында Өзбекстан және Қырғызстан үкімет делегациялары арасындағы кеңейтілген құрамдағы келіссөздерге қатысты.

    Кездесуге екі елдің тиісті министрліктері мен кеңселерінің, салалық бірлестіктердің жауапты басшылары да қатысты.

    Басты назар екіжақты ынтымақтастықтың бүгінгі күн тәртібі, оны кеңейту бойынша нақты іс-шараларға қаралды. Осыған орай, барлық салада елдеріміз арасындағы серіктестікті одан әрі тереңдетуге күшті серпін беретін Өзбекстан Республикасының Президенті Ш.М.Мирзияевтың Қырғызстан Республикасына алдағы мемлекеттік сапарының маңыздылығы атап өтілді.

    Жоғары деңгейдегі сапар аясында «Өзбекстан-Қырғызстан» бизнес-форумын өткізу жоспарлануда. Жиында аталмыш шараға дайындық барысы жан-жақты талқыланды. Оған екі елдің химия, тоқымашылық, энергетика, автомобиль өнеркәсібі, ақпараттық технологиялар, ауыл шаруашылығы, туризм, тағы басқа да салаларға мамандандырылған іскер топтардың 200-ден астам жетекші өкілдері қатысады деп күтілуде.

    Форум аясында жалпы мәжіліс және панельдік сессиялар, сондай-ақ B2B форматындағы кездесулер мен келіссөздер өткізіліп, соның нәтижесінде 10-нан астам екіжақты келісімдер мен инвестициялық келісімдерге қол қоюы жоспарланған.

    Келіссөздер барысында екі ел экономикасының бәсекелестік артықшылықтарын пайдалана отырып, өндірістік кооперацияны кеңейту және өзбек-қырғыз өндірісшілері арасында өзара байланысты қосылған құн тізбегін жаратуда маңызды құралға айналған Өзбекстан-Қырғызстан даму қорының қызметі айрықша талқыланды.

    Ақпарат үшін: Өзбекстан-Қырғызстан даму қоры 2022 жылдың 22 апрель айында Өзбекстан Республикасы мен Қырғызстан Республикасы арасындағы экономикалық ынтымақтастықты нығайту, екі елдің экономикасын жаңғырту және дамыту, сондай-ақ үстем салалардағы өзара мүдделі инвестициялық жобаларды қаржыландыру арқылы екіжақты ынтымақтастық мүмкіндіктерін тиімді пайдалану мақсатында құрылған.

    Тараптар Қор қызметінің тиімділігін арттыру, оның аясында жоспарланған жобалар мен бағдарламаларды іске асыруды жеделдету бойынша нақты біріккен іс-шараларды белгілеп алды.

    Өнеркәсіптік кооперацияны дамыту мәселелері, химия және тоқымашылық өнеркәсібі, машинажасау, фармацевтикалық, құрылыс материалдарын өндіру, тағы басқа да салалардағы бірлескен жобаларды іске асыру болашақтары айрықша қаралды. Теміржол және автомобиль бағыттарын әртараптандыруды ескере отырып, көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты дамыту болашағы талданды. Энергетика және ауыл шаруашылығы салаларындағы ынтымақтастықты арттыру бойынша келісімге қол жеткізілді.

    Бундан ташқари, томонлар логистика, туризм, спорт инфратузилмасини ривожлантириш каби янги йўналишларда ҳамкорликни йўлга қўйиш имкониятларини муҳокама қилдилар, деб хабар беради Инвестициялар, саноат ва савдо вазирлиги матбуот хизмати.

    Сонымен қатар, тараптар логистика, туризм, спорт инфрақұрылымын дамыту сияқты жаңа бағыттар бойынша ынтымақтастық орнату мүмкіндіктерін талқылады, деп хабарлайды Инвестициялар, өнеркәсіп және сауда министрлігінің баспасөз қызметі.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates