Қырғызстанда Орталық Азия елдерінің энергетика саласындағы әйелдердің бірінші саммит-конференциясы өтті

    Үстіміздегі жылдың 9-10 август күндері Ыстықкөл облысының Шолпан-ата қаласында Орталық Азия елдерінің энергетика саласындағы әйелдердің саммит-конференциясы өтті.

    Конференция Қырғызстанның энергетика саласында жұмыс істейтін әйелдер қауымдастығы АҚШ халықаралық даму агенттігінің (USAID) «Орталық Азия энергиясы» жобасымен бірлесіп ұйымдастырылды.

    Баяндамашылар Орталық Азия елдерінің – Қырғызстан, Өзбекстан, Қазақстан, Түркіменстан және Тәжікстанның энергетика саласында жұмыс істейтін кәсіби әйелдер, сондай-ақ энергетика, коммуналдық шаруашылық министрліктерінің, бақылаушы органдардың, энергетикалық компаниялардың, жоғары оқу орындарының және кәсіби ұйымдардың өкілдері болды.

    Бұл семинардың негізгі мақсаты – білім мен тәжірибе алмасу, әлеуетті арттыру үшін мүмкіндіктер жасау, желі құру және энергетика саласында жұмыс істейтін әйелдер мен мамандар үшін гендерлік теңдік пен әлеуметтік инклюзияны дамыту платформасын құру болып табылады.

    Осы шараның нәтижесінде Орталық Азия елдерінің энергетика саласында жұмыс істейтін әйелдер өз тәжірибелерімен және білімдерімен бөлісті, сондай-ақ кәсіби және жеке өмірде кездесетін ортақ мақсаттар мен кедергілерді талқылады. Қатысушылар бірге болашақта STEM саласына енетін жас әйелдер мен қыздардың санын арттырудың шешімдері мен жолдарын талқылады.

    Естеріңізге сала кетейік, Өзбекстанның жанылғы-энергетика кешенінде 115 мыңнан астам қызметкер жұмыс істейді, соның 13 мың 458-і әйелдер – бұл жалпы көрсеткіштің 11,6 пайызын құрайды. Басшылық қызметтегі әйелдер саны 367, бұл өткен жылмен салыстырғанда 30 пайызға артқан.

    Қырғызстанның энергетика саласындағы әйелдер қауымдастығы 2022 жылдың февраль айында энергетика әйелдерді қолдап-қуаттау, олар үшін естілетін және энергия саласындағы өз ұмтылыстары мен әлеуетін жүзеге асыру мүмкіндігін алу мақсатында құрылды, деп хабарлайды Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.

    No date selected
    March 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates