Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерге «Агросубсидия» ақпараттық жүйесі арқылы субсидия бөлінеді

    Агросектор 19 Dekabr 2022 1906

    Үкімет қаулысымен (711-санды, 16.12.2022 ж.) «Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерге субсидиялар беру» ақпараттық жүйесі туралы ереже бекітілді.

    Ережемен «Агросубсидия» ақпарат жүйесі арқылы ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерді мемлекет тарапынан қолдап-қуаттау және субсидия алуға өтініш бергендердің өтініштерін қарау және оларға субсидия бөлу тәртібі белгіленді.

    Ауыл шаруашылығы министрлігі құзырындағы «Агроөнеркәсіпті цифрландыру орталығы» мемлекеттік мекемесі «Агросубсидия» ақпарат жүйесінің операторы болып табылады.

    «Агросубсидия» АҰ-ның негізгі міндеттері төмендегілерден құралады:

    - өтініш берушілер субсидия алуға өтінішті электронды түрде беруін және осы қызметті қауіпсіз және кепілді пайдалануын қамтамасыз ету;

    - өтiнiш берушiлерге олардың мекенжайлық тiзiмге енгiзуге немесе субсидия алуға жолданған өтiнiштерді қарап шығудың жағдайы мен кезеңдерін көру мүмкiндiгiн қамтамасыз ету;

    -өтініш берушілерге олар тарапынан жіберілген өтініштер құзыретті мемлекеттік басқару органдары мен басқа да ұйымдар тарапынан қаралуы нәтижелерінің (қорытындыларының) бақылауды қамтамасыз ету;

    - өкілеттi органдардың өтiнiш берушiлер жолдаған өтiнiштерiн қарау және оларға электрондық түрде қорытынды беру.

    Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерді қолдап-қуаттау үшін субсидиялар «Агросубсидия» ақпараттық жүйесі арқылы жүзеге асырылады.

    Құзыретті мемлекеттік басқару органдары мен басқа да ұйымдар өтініш берушілердің коммерциялық банктердегі шоттарына субсидияны «UzASBO» бағдарламалық кешені арқылы аударады.