Ауыл шаруашылығы министрі АҚШ-тың Өзбекстандағы елшісімен кездесті

    Өзбекстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінде министр Азиз Воитов АҚШ-тың Өзбекстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Дж. Хеникпен кездесті.

    Кездесуде ауыл шаруашылығы саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы талқыланып, перспективалық бағыттар айқындалды.

    Келіссөздер барысында екі жаққа да тиімді бірқатар келісімдерге қол жеткізілді. Соның ішінде:

    Қазір Өзбекстаннан АҚШ-қа қауын экспорттау үшін фитосанитариялық рұқсат алу үдерісі басталғаны, бұл үдерісті жеделдету үшін елші тарапынан іс жүзіндік көмек көрсетілетіні айтылды;

    АҚШ-тың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ауыл шаруашылық өнімдері үшін халықаралық фитосанитарлық сертификаттау жүйесін зерделеу мақсатында ағымдағы жылдың екінші жартысынан бастап өзбек сарапшыларын АҚШ-қа оқу сапарына жіберуге келісілді;

    Өзбекстан мен АҚШ арасында аграрлық білім беру саласында белсенді ынтымақтастық орнатуға баса назар аударылып, Ташкент мемлекеттік аграрлық университеті мен Миссисипи университеті арасында біріккен магистратура бағдарламасының енгізілуі мойындалды және оны жалғастыру қолдап-қуатталды;

    Үстіміздегі жылдың март айында елімізге Техас ауыл шаруашылығы комиссары С. Миллер басшылығындағы делегацияның сапары жоспарланған. С.Миллердің 28-30 март күндері республикамызда өтетін халықаралық көрмеде қатысуды қамтамасыз ету бойынша келісімге қол жеткізілді;

    Еліміздегі ауыл тұрғындарының өмір сүру деңгейін көтеру, саланы цифрландыруға америкалық мамандарды тарту мәселесі де келіссөздерде өз шешімін тапты;

    «ЮСАИД» ұйымының «Агробизнес» бағдарламасы аясында

    бау-бақша, сүт өнімдерін өндіру және басқа да салалардағы ынтымақтастықты жеделдету жөнінде де тиімді келісімге қол жеткізілді.

    Мүдделі келісімдерге бай болған кездесу соңында февраль айында Өзбекстан мен АҚШ мемлекетінің ауыл шаруашылығы министрлерінің өзара келісімдерін онлайн-форматта өткізуге келісіп алды, деп хабарлайды Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates