—Науқастар қандағы қант деңгейінің мөрінің тепе-теңдігіне ғана емес, сонымен қатар липидтердің мөлшеріне, қан қысымының нормада болуына және қанның қоюланбауына назар аудару қажет.

Қандағы қант мөлшерін бірқалыпты сақтап жүру үшін салауатты өмір салтын ұстану ұсынылады — дұрыс тамақтану, қозғалыста жүру, дәрігердің бақылауында болу  және қандағы қант деңгейін төмендету үшін дәрі-дәрмектерді үнемі қабылдау қажет болады.

Күнделікті рационнан жеңіл сіңімді көмірсутекті сақтайтын өнімдер (қант, бал, тәтті кондитерлік өнімдер, джемдер, тәтті және газдалған және жасанды боялған сусындарды) алып тастау керек.

Дұрыс тамақтанбау сонымен қатар әрекетсіздіктен туындаған артық салмақ қант диабетінің негізгі себебі болып табылады. 2-түрі дамуына адам денесінде бұлшықет тоқымаларының азайып,  май тоқымасының көбеюі саналады. Бірақ ауру семіз емес адамдарда да дамуы мүмкін.

Аурудың алғашқы белгілері байқалғанда-ақ дәрігермен кеңесу керек. Әр адам дене салмағының нормадан асып кетуіне жол бермеу үшін оны бақылауы, оның мөлшері көбейіп кетпеуіне жол бермеу керек.

Егер адамның қант диабетіне бейімділігі болса және ол күшті қорқынышты бастан өткерсе, бұл адамның ауруға шалдығуы ықтимал.

Созылмалы стресске, ұйқысыздыққа, гипертонияға және 2-түріне бейім болғандарда кейбір дәрі-дәрмектерді (әсіресе глюкокортикоидтар тобына жататындарды) үнемі қолдану осы аурудың дамуына әкелуі мүмкін.

Артық тамақтану және энергияны жұмсамаудың нәтижесінде ағзаның энергетикалық балансы бұзылады. Пайдаланылмаған энергия ағзада гликоген және май түрінде жиналады.

Бұл үдеріс күшейген сайын ағзаның инсулинге сезімталдығы төмендейді, бұл жағдай көмірсулар алмасуының бұзылуына әкеледі.

Яғни,  қант диабеті 2-түрінің  пайда болуы әлеуметтік жағдайға емес, әрекетсіздікке, дұрыс тамақтанбау және шамадан тыс тамақтануға байланысты.

Маманмен сұхбатты Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі жүргізді.