Оған Комитет мүшелері, сарапшылар, тиісті министрліктер мен кеңселердің басшылары мен мамандары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Мәжілісте алдымен Сенаттың жиырма бесінші жалпы мәжілісінде қаралатын жоспарланған мәселелер алғашқы оқылуда талқыланды.
Атап айтқанда, сенаторлар жаңа редакциядағы «Пошта байланысы туралы» Заңға назар аударды. Еліміздегі пошта байланысы қызметтері базарының даму деңгейі мен әлемдік пошта байланыс қызметтері базарын дамытудың заманалық тенденциялары осы саладағы заң шығару базасын қайта қарауды және жетілдіруді талап ететіні айтылды.
Өзбекстан Республикасының «Почта байланысы туралы» Заңы 7 тараудан және 41 баптан тұрады. Заң жобасын дайындау барысында шет мемлекеттердің пошта байланысы қызметін реттеу тәжірибесі пайдаланылды.
Атап айтқанда, Әзербайжан, Швейцария, Ресей, Қазақстан, Қырғызстан және басқа елдердің заң шығару құжаттары, сондай-ақ Дүниежүзілік пошта одағының актілері үйренілген.
Өзбекстан Республикасының Ақпараттық технологияларды және коммуникацияларды дамыту министрлігі пошта байланысы саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты жүзеге асыратын арнайы өкілетті орган болып белгіленуде.
Сондай-ақ аталмыш Заңмен пошта байланысы саласында заңдылыққа мойынсұнуға мемлекет бақылауын Өзбекстан Республикасының Ақпаратттандыру және телекоммуникациялар саласында бақылау бойынша мемлекеттік инспекциясының («Узкомназорат») жүзеге асыратыны көзделген.
Қауіпті пошта және курьерлік жөнелтілімдерді жіберу қаупін азайту, пошта және курьерлік жөнелтілімдердің толықтығын қамтамасыз етуге байланысты қауіп деңгейін төмендету мақсатында пошта қауіпсіздігін қамтамасыз ету іс-шаралары бойынша арнайы нормалар қосылады.
Сонымен қатар, абоненттік пошта сөрелері көппәтерлі тұрғын үйлердің бірінші қабаттарына бұл үйлер құрылып жатқан кезде құрылыс ұйымдары тарапынан орнатылуы, Дүниежүзілік пошта одағы құжаттарына сәйкес белгіленген міндеттерді Өзбекстан Республикасы аумағында орындау үшін пошта байланысы ұлттық операторының мәртебесі, айрықша құқықтары мен функциялары нақты айқындалатын болады.
Талқылау барысында сенаторлар Заңның кейбір баптарын жүзеге асыруға қатысты істерге де назар аударды.
Жиналыста 2022-2026 жылдарға арналған Жаңа Өзбекстанды дамыту стратегиясын «Адам қадірін ұлықтау және белсенді махалла жылында» іске асыруға қатысты мемлекеттік бағдарламаның 2022 жылдың І тоқсанындағы орындалу қорытындылары туралы Министрлер Кабинетінің есебі тыңдалды.
Мемлекеттік бағдарлама 7 үстем бағыт бойынша 100 мақсат пен 398 тараудан тұрады, онда белгіленген іс-шараларды жүзеге асыру мақсатында 318 заң, жарлықтар мен қаулыларды дайындау көзделген.
Есеп беру кезеңінде бағдарламаның жүзеге асырылуын қамтамасыз ету мақсатында 59 нормативтік-құқықтық, тағы басқа да құжаттар, сондай-ақ Өзбекстан Республикасы Президентінің 12 құжаты, Министрлер Кабинетінің 7 қаулысы, 4 кеңселік құжат және 36 басқа құжат қабылданды.
Мәжілісте күн тәртібіндегі мәселелер бойынша Комитеттің тиісті қаулысы қабылданды.
Өзбекстан Республикасы Олий Мажлисі Сенатының Ақпарат қызметі.