Заң күшіне енді: электр, жылу, газ немесе су құбырларынан коммерциялық мақсатта заңсыз пайдалану ұрлық деп белгіленді

    Ел назарында 21 Iyun 2023 1284

    Аталмыш құқықбұзушылық үшін 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қолданылуы мүмкін.

    Заңмен (ЎРҚ–822-санды, 13.03.2023 ж.) Әкімшілік жауапкершілік туралы кодекске және Қылмыстық кодекске өзгерістер мен қосымшалар енгізілді.

    Атап айтқанда, Қылмыстық кодекске енгізілген қосымшаларға орай:

    жалпы пайдаланымдағы электр, жылу, газ немесе су құбыры тармақтарына коммерциялық мақсатта өз бетінше қосу, электр энергиясын, табиғи газды, суық немесе ыстық суды есептеуіш аспаптарына, сонымен қатар олардың пломбаларын қасақана бүлдіру немесе есептеуіш аспаптарының көрсеткіштерін өзгерту мақсатында оларға сырттан араласу жолымен талан-тараж жасау ұрлық деп белгіленді, сондай-ақ бұл құқықбұзушылық үшін 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қолданылуы мүмкін.

    Сондай-ақ, Әкімшілік жауапкершілік туралы кодекске енгізілген қосымшаларға орай, осы құқықбұзушылықты аз мөлшерде жасаған адамдарға мынадай әкімшілік жазалар қолданылуы мүмкін:

    БЕМ-нің 10-нан 20 еселенген мөлшерінде айыппұл (3 миллионнан 6 миллион сумға дейін);

    15 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алу.

    No date selected
    May 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates