Қарақалпақстанда 3 үлкен жел электр станциясы салынады

    Энергия 9 Oktabr 2023 2720

    Бұл үшін алдын ала бағалау бойынша жалпы 667 миллион АҚШ доллары көлемінде тікелей шетелдік инвестициялар тартылады.

    Өзбекстан Республикасы Президентi «Қарақалпақстан Республикасының Қоңырат ауданында қуаты 500 МВт болған жел электр станциясын, қуаты 100 МВт болған электр энергиясын сақтау жүйесiн, қуаты 500 кВ болған қосалқы станцияны және әуе электр қуатын беретін желіні құру (Kungrad Wind 2)" инвестициялық жобасын жүзеге асыру іс-шаралары туралы» қаулысын қабылдады.

    Осыған орай, «ACWA Power Company (Saudi Listed Joint Stock Company)" (Саудия Арабия) компаниясы тарапынан Қарақалпақстан Республикасының Қоңырат ауданында қуаты 500 МВт болған жел электр станциясы, қуаты 100 МВт болған электр энергиясын сақтау жүйесі, қуаттылығы 500кВ болған қосалқы станция және әуе электр ұзату желісі (Kungrad Wind 2)" жобасы аясында Өзбекстан Республикасында "ACWA Power Kungrad Wind 2" ЖШҚ БК құрылады.

    Бұл үшін алдын ала бағалау бойынша жалпы 667 миллион АҚШ доллары көлемінде тікелей шетелдік инвестиция тартылады.

    Жоба аясында жел электр станциясын бірыңғай электр желісіне қосу үшін жаңа қосалқы станция және әуе электр беру желілері Жоба компаниясы тарапынан құрылады және іске түсірілген соң «Өзбекстан ұлттық электр желілері» АҚ-ға тапсырылады.

    «Өзбекстан ұлттық электр желілері» АҚ 25 жыл бойы өндірілген электр энергияны кепілденген түрде сатып алу міндетін алады.

    Электр энергиясы үшін төлем ұлттық валютада жүзеге асырылады.

    Бұл жоба Қарақалпақстан Республикасының халқын және экономикалық салаларды энергетикалық ресурстармен тұрақты түрде қамтамасыз ету, электр энергиясын өндіруде табиғи газды пайдалануды азайту, қайта тіктелетін энергия көздерін пайдалану көлемін кеңейтеді.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates