Қарақалпақстанда кезектегі жел электр станциясын салу жобасы бойынша тендерге қатысуға 12 халықаралық компания қызығушылық танытуда.

    Энергия 18 Iyul 2022 1389

    Қарақалпақстан Республикасындағы қуаттылығы 200 МВт болған кезектегі жел электр станциясын салу жобасы бойынша тендерге қатысуға 12 халықаралық компания қызығушылық танытуда.

    Ағымдағы жылдың 1 апрелінде Қарақалпақстан Республикасында кезектегі жел электр станция жобасын жүзеге асыруға білікті инвесторларды таңдау мақсатында «Алдын ала біліктілік құжаттарының топтамасын ұсынуға сұрау» (RFQ) үдерісімен басталған екі басқышты тендер үдерісіне старт берілген еді.

    Өзбекстан Республикасының Энергетика министрлігіне 2022 жылдың 17 июліне дейін осы RFQ сұрауына жауап ретінде халықаралық компаниялардан 12 өтінім келіп түсті.

    Жобаны Еуропа тіктелу және даму банкінің қолдауымен Өзбекстан Республикасының Энергетика министрлігі, Инвестициялар және сыртқы сауда министрлігі мен Қаржы министрлігі жанындағы Мемлекеттік-жекеменшік серіктестікті дамыту агенттігі жүзеге асыруда.

    Жоба аясында Қарақалпақстан Республикасының Беруни және Қараөзек аудандары аумағында қуаттылығы 200 МВт болатын тағы бір жел электр станциясын салу жоспарлануда.

    Тендер үдерісі ең жоғары халықаралық стандарттарға және ашықтық пен айқындық талаптарына сәйкес өткізіледі.

    Ақпарат үшін: Өзбекстан Республикасы Үкіметі (Үкімет) 2030 жылға дейін елімізде 12 ГВт қуатқа ие экологиялық таза энергия өндіру мақсатында ауқымды жаңартылатын энергия көздерін дамыту стратегиясын жүзеге асыруда.

    Осы бастама аясында Үкімет Еуропа тіктелу және даму банкімен (ЕТДБ) жалпы қуаты 2000 МВт (Жел бағдарламасы) болған ірі жел энергетикасы жобаларын өндіру бойынша ынтымақтастық жасау үшін өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.

    Тендер комиссиясы осы 12 компаниядан түскен арыздардың толықтығы мен RFQ белгіленген талаптарына сәйкестігін бағалауға кіріседі, содан кейін білікті қатысушылар туралы жарияланады. Кейіншелік білікті қатысушылар тендер үдерісінің екінші басқышына (Ұсыныстар сұрауы (RFP)) қатысуға ұсынылады.

    Тендерге қызығушылық білдірген, алғашқы іріктеу талаптарын ұсынған және өтініштерін тендер комиссиясы тарапынан қарайтын және бағалайтын компаниялардың тізімі (алфавиттік тәртіппен):

    1) Abu Dhabi Future Energy Company PJSC – Masdar (БАӘ)

    2) ACWA Power Company (Сауд Арабиясы)

    3) Concord New Energy Group Limited (Гонконг)

    4) Consortium of China Datang Overseas Investment Co. Ltd. ва Goldwind International Holdings (HK) Limited (Қытай, Гонконг)

    5) Consortium of GD Power Development Co. Ltd. ва China Shenhua Energy Company Limited (Қытай)

    6) EDF Renewables (БАӘ)

    7) Eksim Enerji Anonim Şirketi (AO Eksim Enerji) (Түркия)

    8) Gaia Energy Limited (Кайман аралдары)

    9) ReNew Vyan Shakti Private Limited (Үндістан)

    10) The Kansai Electric Power Company (Жапония)

    11) Universal Energy Co. Ltd. (Қытай)

    12) Voltalia SA (Франция)

    Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылдың 24 февралінде Президент Шавкат Мирзияев Қарақалпақстан Республикасының Беруни ауданында болып, қуаты 100 МВт болатын жаңа жел электр станциясы құрылысының іргетасын қалаған болатын.

    Өзбекстан Республикасы Үкіметі осы тендерді қолдап-қуаттайтын Жапония Үкіметі мен ETДБ-не алғыс білдіреді, деп хабарлайды Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates