Қарақалпақстанда жүрек кемістігімен туылған балаларға күрделі ота жасалып жатыр

    Денсаулық 26 Iyul 2022 2870

    Жақында Қарақалпақстан Республикасына Ташкент пен Самарқант қалаларының ең білікті кардиохирургтары келіп, 170 науқастың жүрегіне ота жасады.

    Дәрігерлер алдымен Қарақалпақстан медицина институтының инновациялық клиникасында науқастарды тексерді. Сол жерде 18 жасқа дейінгі балаларға күрделі оталарды жасай бастады.

    Сондай-ақ, жоғары технологиялық ем-шараның бір бөлігі Қарақалпақстан Республикасының балалар көптармақты медициналық орталығында жасалды.

    Соның нәтижесінде аз қамтылған отбасылардың науқас балалары бірнеше сағаттың ішінде дертінен арылып, салауатты өмірге қайта оралды.

    Рано Халмуратова қызы Эленора Кеңесбаеваның сырқатына қатты алаңдайтын. Бауыры 15 жыл бойы туа біткен жүрек нұқсанымен ауырады.

    Бірақ қажетті қаржыны жинай алмағандықтан перзентін Ташкент қаласына емдетуге мүмкіндігі болмаған ананың көңілі енді тоқ.

    Нөкіс қаласына келген дәрігерлер Эленораға көптен күткен күрделі отан тегін, ең бастысы, сәтті жасады, деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.

    — Жыл сайын ұл-қыздарды медициналық тексеруден өткізіп, сырқаттанғандарды есепке аламыз, — дейді Қарақалпақстан Республикасы балалар көптармақты медициналық орталықтың бас дәрігері Алима Маткаримова.

    — Мекемемізге Республикалық мамандандырылған кардиология ғылыми-практикалық медициналық орталығы мен оның Самарқант аумақтық филиалдарынан жетекші мамандардың келгені науқастардың ұзағын жақын, ауырын жеңіл етті.

    — Ең алдымен әлеуметтік қорғауға мұқтаж, мүгедектігі бар жанұя перзенттеріне көңіл бөлініп, оларға күрделі кардиохирургиялық оталар жасалуда.

    – Бұл біздің Қарақалпақстанға екінші рет сапарымыз, – дейді Республикалық мамандандырылған кардиология ғылыми-практикалық медициналық орталықтың Самарқанттағы филиалының директоры Мақсуд Саидов. – Үстіміздегі жылдың март айында бірінші кезекте Нөкіс қаласында алғаш рет жүрекке ота жасадық.

    Бұл реттегі операциялар толығымен мемлекеттің есебінен жүргізілуде. Сондай-ақ, сапарымыз барысында жергілікті кардиохирургтардың біліктілігін арттыруға көмектесіп жатырмыз.

    No date selected
    March 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates