27 сентябрьде Қазақстан Республикасының елордасы Астанада Ақпараттық технологияларды және коммуникацияларды дамыту министрі Шерзод Шерматов Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Б.Мусинмен кездесті.

Бұл кездесуде Қазақстан мен Өзбекстан елдерінің мүдделеріне сүйене отырып,  АКТ саласындағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамытуда телекоммуникация, пошта және радиожиілік бағыттарындағы мәселелері талқыланды.

Сонымен бірге Өзбекстан Республикасы Ақпараттық технологияларды және коммуникацияларды дамыту министрлігі мен Республиканың Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі арасында «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы ынтымақтастық туралы Келісімді» 2022 жылғы 24-27 октябрь күндері Самарқант қаласында өтетін АКТ апталығы аясында талқыланады.

Кездесу барысында екі тарап ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге, тәжірибе алмасуға, алдағы жоспарларды жүзеге асыруда бір-біріне қолдау көрсетуге келісті, деп хабарлайды Ақпараттық технологияларды және коммуникацияларды дамыту министрлігінің баспасөз қызметі.