Төле би кесенесі Ташкент қаласы тұрғындары мен қонақтары үздіксіз зиярат ететін орындардың бірі саналады. Тәуелсіздік жылдарында шейх Хаванди Тохур кешеніндегі ескі зираттың солтүстік бөлігінде орналасқан бұл кесене күрделі жөндеуден өтті. Аймақ абаттандырылып, зияратшылар үшін жағдай жасалды.
Бір-біріне іргелес жатқан бұл бейіттер өзбек пен қазақ халқының ежелден бірге өмір сүріп, бауырлас болғанының тағы бір дәлелі.
Қазақстан басшысы осындағы кесенелердің тарихымен танысып, абаттандыру жұмыстарын аралады.
Құран оқылып, дұға бағышталды.
Қасым-Жомарт Тоқаев бауырлас екі халықтың ортақ тарихи-мәдени мұрасын сақтауға көңіл бөліп отырғаны үшін Өзбекстан Президенті мен халқына алғыс айтты.