Жағары мәртебелі қонақтың құрметіне екі елдің мемлекеттік жалаулары көтеріліп, құрмет қарауылы сап түзеді. Әскери оркестрдің сүйемелдеуімен Өзбекстан және Қазақстан мемлекеттік әнұрандары орындалды.

Президенттер Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев құрмет қарауының алдынан өтіп, ресми делегациялар мүшелерімен сәлемдесті.

Сапардың негізгі іс-шаралары ертең, 15 қараша күні өтеді.