Онда мұнай-газ өндірісінің болашағы, қолданыстағы жағдай мен саланың дамуына әсер ететін факторлар сала мамандары тарапынан кеңінен талқыланды. Конференция барысында мұнай-газ секторында төмен көміртекті өнеркәсіпті енгізу саясатындағы даму болашақтары, энергетика саласына жасыл технологиялар мен ESG –ді енгізудің әсері тақырыптарында баяндамалар жасалды.
Сонымен қатар, мұнай-газ саласын дамыту, технологияларды жаңғырту және жетілдіру, мұнай-газ саласына инвестиция тарту мүмкіндіктері, мұнай-газ саласына жасанды интеллект енгізудің тиімділігі мен тәжірибесі сынды тақырыптарда пікірталас жүргізілді, экологиялық және өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі жаңа көзқарас пен заманауи технологиялар, салалық экспорттық ақпарат пен жаңалықтардан хабардар болды.
Шарада мамандар тарапынан бизнесті дамытудың қолайлы жағдайларын, халықаралық инвесторлар үшін тартымды ұсыныстарды, саладағы бар проблемаларды, нарықтық үрдістерді талқылады. Сала мамандары өздерінің тәжірибелері мен дағдыларына негізделген тиісті ұсыныстар берді.
Конференция аясында қатысушылар мұнай мен газды геологиялық барлаудан бастап қайта өңдеу сатыларына дейінгі кезеңдерде енгізілген жаңа технологиялар мен болашағы бар жобалар бойынша жаңалықтармен қатысумен қатар, энергетика саласында декарбонизация және жасыл энергоресурстарды өндіруді жолға қою , жасанды интеллекттің инновациялық әзірлемелерін енгізу, артықшылықтар мен ерекше жақтары, орта және ұзақ мерзімдерде көмірсутек шикізатының адамзатқа қызмет ету болашақтары және бүгінгі таңда сала үшін өзекті болған мәліметтерге жауап алды.
«Узбекнефтгаз» АҚ мамандары конференцияға қатысушы шетелдік әлеуетті серіктестермен жүзеге асырылып жатқан болашағы зор жобаларды талқылады. Тиісті бағыттар бойынша ынтымақтастықты орнатуға келісілді, деп хабарлайды «Узбекнефтгаз» АҚ баспасөз қызметі.