Министрлер Кабинетінің 29.06.2024 жылғы “Қару айналымы саласындағы лицензиялау және рұқсат беру тәртіп-қағидалары жетілдірілуіне байланысты Өзбекстан Республикасы Үкіметінің кейбір құжаттарына өзгерістер мен қосымшалар енгізу туралы” 366-санды қаулысы қабылданды.
Құжатпен:
заңды және жеке тұлғаларға азаматтық және қызметтік қаруды және оның оқтарын алуға, реализациялауға, сақтауға, алып жүруге, тасымалдауға, коллекциялауға, көрмеге қоюға, республика аумағына алып кіру және шығару, республика аумағы арқылы транзиттеуге қатысты рұқсаттардың паспорттары;
азаматтық және қызметтік қаруды және оның оқтарын әзірлеу, жөндеу және реализациялау қызметті лицензиялау Паспорты бекітілуде.
Сондай-ақ, қаулымен түнгі уақытта жұмыс істейтін қоғамдық тамақтану орындары мен ойын-сауық нысандарының бейнежазбалары міндетті түрде сақтау мерзімі 30 күннен 15 күнге дейін қысқартылуда. Сонымен қатар, енді түнгі уақытта жұмыс істейтін нысандардың тізімі жергілікті билік органдардың сайттарында орналастырылады.
Құжат Заң құжаттары мәліметтерініңұлттық базасында жарияланған және 02.07.2024 жылдан бастап күшіне енді.