Бәсекелестік комитеті жарнама заңдылығы бойынша барлық мемлекеттік және мемлекеттік емес телеарналарға нұсқау хат жолдады

    Соңғы кездері бұқаралық ақпарат құралдары арқылы (атап айтқанда, телеарналарда) жарнамаларды таратуда (орналастыруда) заңнамалық талаптардың бұзылу жағдайлары байқалуда.

    Бұл жағдайды ескеріп, Комитет сандық теледидар қызметтерін ұсынатын провайдерлерге (телерадиоарналарға) нұсқау хат жолдады.

    Нұсқау хатта телеарналар бір ай мерзімде өздерінің жарнама қызметтерін қолданыстағы заңнама талаптарынан келіп шығып сәйкестендіруді және қайта қарауды сұрады.

    Бұл нұсқау хат талаптарына орай Комитет өз өкілеттіктері шеңберінде белгіленген тәртіпте салаға мониторингтік талдаулар жүргізеді және заңбұзушылықтар анықталған жағдайда , бұл жағдайға жол қойған субъектілерге қатысты қатаң ықпал ететін шаралар , соның ішінде қаржылық санкциялар қолданылатынын мәлімдеді.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates