Ресеймен былғары-аяқ киім және елтірі өнеркәсібі саласындағы ынтымақтастық кеңейеді

    «Узчармсаноат» бірлестігінде Ресейдің Өзбекстандағы сауда өкілеттігінің өкілдерімен кездесу өтті.

    Диалогта басты назар инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі дамытуға, жаңа жобаларды жүзеге асыруға аударылды.

    Кездесуде ең алдымен «Узчармсаноат» бірлестігінің басшылығы Ресей тарапына еліміздегі былғары-аяқкиім өнеркәсібіне мемлекет тарапынан жасалып жатқан жағдай, шетелдік инвесторларға жасалған мүмкіндіктер мен жеңілдіктер, саланың әлеуеті, шикізат қоры туралы жан-жақты ақпарат берді.

    Өзбекстан мен Ресей арасындағы былғары-аяқкиім және елтірі өнеркәсібіндегі мүдделі ынтымақтастық байланысты кеңейтуге қатысты бірқатар ұйымдастырушылық және іс жүзіндік мәселелер талқыланды.

    Сондай-ақ, Ресей мен Өзбекстан арасындағы экономикалық байланыстарды дамыту, елімізде экспорттық жобаларды ілгерілету, инвестициялар мен озық технологияларды тарту, көрмелер мен жәрмеңкелерге қатысуға көмектесу және қолдап-қуаттау туралы пікір алмасылды.

    2022 жылдан бері Ресей Федерациясына елімізден былғары аяқкиім өнімдері экспортының көлемі күрт өсті.

    Атап айтқанда, жоғары қосылған құнның үлесі (балалар, ерлер, арнайы аяқкиімдер), былғарыдан жасалған бұйымдар, қаракөл, былғарыдан жасалған дайын өнімдердің үлесі 2021 жылмен салыстырғанда 3,6 есеге өсті.

    Диалог соңында Ресейдің сауда өкілдерімен осы елдің компанияларының Өзбекстанда өтетін былғары-аяқкиім көрмесіне қатысуын қамтамасыз ету мақсатында келіссөздер жүргізілді, деп хабарлайды «Узчармсаноат» бірлестігінің баспасөз қызметі.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates