Ресеймен сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық одан әрі дамиды

    Үстіміздегі жылдың 23 октябрінде Өзбекстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Экономикалық ынтымақтастық бойынша Үкіметаралық комиссияның 23-жиналысы өтті.

    Жиналысқа Өзбекстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Инвестициялар және сыртқы сауда министрі Жамшид Ходжаев пен Ресей Федерациясы үкіметі төрағасының орынбасары – Өнеркәсіп және сауда министрі Денис Мантуров төрағалық етті. Шараға екі елдің бас министрліктері мен кеңселердің басшылары да қатысты.

    Күн тәртібі аясында екі ел арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық, өнеркәсіптік, көлік-логистикалық, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастыққа қатысты кең ауқымды мәселелер талқыланды.

    Атап айтқанда, кейінгі жылдары оңды өсу тенденциясы байқалған өзара сауданы дамыту болашақтары талданды. Жауапты басшыларға екіжақты сауданы әртараптандыру және оның көлемін сапа жағынан жаңа деңгейге көтеру бойынша практикалық шаралар қабылдау тапсырылды.

    Екі мемлекет арасындағы инвестициялық ынтымақтастық пен өнеркәсіп кооперациясының аумақтар мен салалар кесіміндегі ағымдағы жағдайы қаралды. Мұнай-химия, тау-кен-металлургия, энергетика, денсаулық сақтау және фармацевтика, құрылыс материалдарын өндіру, жеңіл өнеркәсіп, жеміс-көкөніс өнімдерін қайта өңдеу салаларындағы жаңа жобалық бастамаларды әзірлеуге және қолданыстағы біріккен жобаларды жеделдетуге екі жақтың да мүдделілігі айтылды.

    Күн тәртібіндегі тағы бір маңызды бағыт аумақаралық ынтымақтастықты дамыту болды. Алдын ала бекітілген жоспарлар негізінде екі елдің бірнеше өңірінен делегациялардың өзара сапарлары ұйымдастырылғаны хабарланды. Осыған байланысты жұмысты жалғастыру мақсатында басқа да шаралармен қатар тұрақты онлайн талқылаулар ұйымдастыру арқылы жаңа инвестициялық жобалар мен сауда келісімдері бойынша ұсыныстар әзірлеуге келісілді.

    Кездесу соңында Қорытынды протокол және шара барысында қол жеткізілген негізгі келісімдерді көрсететін екіжақты құжаттардың салмақты жинағына қол қойылды, деп хабарлайды Инвестициялар және сыртқы сауда министрлігінің баспасөз қызметі.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates