Ресей Президенті мемлекеттік сапармен Өзбекстанға келеді

    Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевтің шақыруына орай Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин 26-27 мамыр күндерә Өзбекстанға мемлекеттік сапармен келеді.

    Сапар бағдарламасына сәйкес жоғары деңгейде келіссөздер жүргізу көзделген.

    Алдағы кездесудің күн тәртібінде Өзбекстан мен Ресей арасындағы жан-жақты стратегиялық серіктестік пен одақтастық қатынастарды одан әрі дамыту және тереңдету мәселелері орын алған.

    Практикалық ынтымақтастықты кеңейтуге, ең алдымен, өзара сауда көлемін арттыруға, экономика салаларындағы кооперация жобаларын ілгерілетуге, инновациялық ынтымақтастық бағдарламаларын қолдауға, белсенді мәдени-гуманитарлық алмасуды жалғастыруға ерекше назар аударылады.

    Саммит қорытындысы бойынша екіжақты құжаттар кешенін қабылдау жоспарланған.

    Сондай-ақ, Мемлекет басшылары Өзбекстан мен Ресей өңірлер кеңесінің бірінші отырысына қатысады.

    Айта кету керек, сапар қарсаңында Ташкент қаласында бірқатар бірлескен іс-шаралар - жетекші инженерлік-техникалық жоғары оқу орындары ректорларының кездесуі, медициналық ғылыми-тәжірибелік конференция және Ресей өнерінің апталығы өтуде.