Білім беру саласында Ресеймен ынтымақтастықта біріккен жобалар жүзеге асырылады

    Білім 1 Noyabr 2022 2348

    Үстіміздегі жылдың 31 октябрінде Мектепке дейінгі тәлім-тәрбе беру министрлігінде Мектепке дейінгі тәлім-тәрбие беру министрі А.В.Шин, Өзбекстан Республикасының Халық білім беру министрі Б.О.Саидов және Ресей Федерациясының Білім министрі С.С. Кравцов ортасында ынтымақтастық кездесуі өтті.

    Кездесуде мектепке дейінгі тәлім-тәрбие мен халыққа білім беру саласындағы ынтымақтастықтың бүгіні мен болашағы, сондай-ақ «Малыш» («Миттивой»), «Команда педагогов под ключ» және «Класс!» («Зўр!») біріккен жобаларды жүзеге асыруға байланысты ауқымды мәселелер талқыланды.

    Осы тұрғыдан, жүзеге асырылып жатқан жобаларға тірек платформа міндетін атқаратын А.И.Герцен атындағы Ресей мемлекеттік педагогикалық университетінің Ташкент қаласындағы филиалының қызметін жандандыру маңыздылығы атап өтілді.

    Ашылуда сөз сөйлеген Ресей делегациясының басшысы Ресей Өзбекстан Республикасымен екіжақты ынтымақтастықтың түрлі бағыттарында өзара мүдделі серіктестік пен көпжақты ынтымақтастықты, сонымен қатар мектепке дейінгі тәлім-тәрбие беру саласындағы өзара ынтымақтастықты орнатуға ұмтылып отырғанын ерекше атап өтті.

    Ресей Федерациясының Білім министрлігі өкілдерінің ерекше назары Өзбекстан Республикасының мектепке дейінгі тәлім-тәрбие беру саласындағы озық бастамалары мен инновациялық идеяларын үйрену бойынша жаңа байланыс нүктелерін іздеуге аударылды.

    Келіссөздер аясында мырза С.С. Кравцов үстіміздегі жылдың 14-16 ноябрь күндері ЮНЕСКО демеушілігімен Ташкент қаласында өткен «Жас балаларды тәрбиелеу мен білім беру бойынша ІІ Дүниежүзілік конференцияға» да үлкен қызығушылық танытқанын және Ресей тарапының алдағы уақытта халықаралық форумға ең белсенді қатысатынын және оған өздерінің лайықты үлесін қосатынын тілге тиек етті.

    Сол күні Ресей делегациясының мүшелері Ташкент қаласындағы №5 жалпы білім беретін мектепте, Ташкент қаласындағы №559 мектепке дейінгі тәлім-тәрбие беру ұйымында, Ташкент қаласындағы А.И. Герцен атындағы университетінің филиалында және филиалдың болашақ кампусында болды.

    Келіссөздер нәтижесінде тараптар ұлттық жүйені дамытуда бірге жұмысты жалғастыру туралы келісімге келді, деп хабарлайды Мектепке дейінгі мәлім-тәрбие беру министрлігінің баспасөз қызметі.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates