Ресей үкіметі Өзбекстаннан ауыл шауруашылығы саласына кадрларды тарту жобасын кеңейтті

    Нақты 10 Fevral 2022 1679

    Ресей Федерациясының үкіметі Өзбекстаннан жұмыс күшін тарту бойынша тәжірибе жобасын кеңейтті. Енді ол құрылыс саласына ғана емес, агроөнеркәсіп кешеніне де (АӨК) қатысты. Бұл хабар Министрлер Кабинетінің сәрсенбі күні жарияланған қаулысынан мәлім болды.

    Құжаттың бұрынғы редакциясында «құрылыс саласында жұмыс жүргізетін Ресейдің заңды тұлғаларында еңбек ететін Өзбекстан Республикасының азаматтарын уақытша жұмысқа тарту бойынша тәжірибе жобаны жүзеге асыру» туралы қаулы қабылданған. Жаңа қаулыға сәйкес, бастама «агроөнеркәсіптік кешен саласындағы» компанияларғы да қатысты болады, деп хабарлайды ТАСС.

    Тәжірибе жобасы аясында жұмылдырылатын Өзбекстан азаматтарының максималды саны да ұлғайтылды. Бұрын олардың саны 10 мың болған. Енді құрылыс саласына бұл квота сақталса, агроөнеркәсіп кешеніне тағы 1 108 адам жұмысқа тұруы мүмкін.

    Ресей Ауыл шаруашылығы министрлігіне агроөнеркәсіп кешенінде жұмыс істейтін және Өзбекстаннан кадрлар тартуға ниет білдірген компаниялардың тізімін қалыптастыру, сондай-ақ олармен келісімшарттар жасау міндеті тапсырылды.

    Бірқатар талаптар жұмысшылардың өздеріне де қойылатын болады. Осылайша, Ресей Федерациясының шекарасын кесіп өту кезінде олар коронавирусқа теріс ПТР сынамасын ұсынуы керек. Дегенмен, мұндай талдау енді Ресей аумағына келгенге дейін кемінде 48 сағат бұрын жүргізілуі қажет. Бұрын бұл мерзім 72 сағат болатын.

    Сонымен қатар Өзбекстан азаматтары Ресейге келуден кемінде 14 күн бұрын “Спутник Лайт” немесе басқа коронавирустық вакциналармен егілгенін немесе келуге кемінде бес ай қалғанда ковидке шалдығып, емделгенін растайтын дәлел керек.

    No date selected
    November 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates