Ресей және Қазақстанмен парламентаралық ынтымақтастықтың үстем бағыттары талқыланды

    Алматы қаласында ТМД-ға қатысушы мемлекеттер Парламентаралық Ассамблеясы Кеңесінің салтанатты мәжілісіне қатысу аясында Өзбекстан Республикасы Олий Мажлисі Сенатының Төрайымы Т.Нарбаева ТМД-ға қатысушы кейбір елдердің парламент басшыларымен келіссөздер жүргізді.

    Еске сала кетсек, Ассамблеяның құрылғанының 30 жылдығына арналған шараларға Достастық елдерінің ұлттық заң шығарушы органдарының басшылары қатысты.

    Атап айтқанда, ағымдағы жылдың 29 мартында Ресей Федерациясы Федералдық Мәжілісі Федерация Кеңесінің Төрағасы, ТМД ПА Кеңесінің Төрайымы В.Матвиенкомен кездесуде екіжақты ынтымақтастықты тереңдету және парламентаралық байланыстарды кеңейту мәселелері талқыланды.

    В.Матвиенко Өзбекстанда Президент Ш.Мирзияевтың басшылығымен жүргізіліп жатқан ауқымды реформаларға жоғары баға берді.

    Сондай-ақ сауда, экономика және мәдениет салаларындағы екіжақты ынтымақтастықтың болашағы талқыланды.

    Сенат басшысы Т.Нарбаева парламент дипломатиясы екіжақты қарым-қатынастарды, тағы басқа да өзекті мәселелерді шешуде маңызды сыртқы саяси ресурс ретінде атап өтті.

    Сондай-ақ Өзбекстан мен Ресей арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың орнағанына 30 жыл толуына орай екі ел парламентшілерінің қатысуымен мәдени іс-шаралар өткізу жөнінде пікір алысылды.

    *****

    Сол күні парламент делегациясының басшысы Т.Нарбаева Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы М.Әшімбаевпен кездесті.

    Сұхбат барысында Өзбекстанда жүзеге асырылған өзгерістер, еліміздің негізгі көзқарастары туралы толық мағлұмат берілді.

    Парламентаралық ынтымақтастықтың гендерлік теңдікті қамтамасыз ету, жастар саясатын жүзеге асыру саласындағы үстем бағыттар, сондай-ақ сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық, тағы басқа да салаларда бірлесіп жүзеге асырылатын істер де талқыланды.

    Екі ел жастары арасындағы байланысты тереңдетуге бағытталған білім-ғылым және экология саласында біріккен білім беру жобаларын жолға қою бойынша келісімге қол жеткізілді. Сонымен қатар аталмыш мәселелер үстіміздегі жылдың апрель айында Қызылорда қаласында өтетін Өзбекстан мен Қазақстан парламенттерінің жоғарғы палаталары арасындағы ынтымақтастық туралы біріккен комиссиясының өтетін мәжілісі күн тәртібі аясында талқыланады.

    Өзбекстан Республикасы Олий Мажлисі Сенатының Ақпарат қызметі.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates