Самарқанд ауданында салынып жатқан кешенде 10 мыңға жуық жұмыс орны ашылады

    Билік 24 Avgust 2023 5104

    Президент Шавкат Мирзиёев Самарқанд ауданында салынып жатқан сауда-өнеркәсіптік және қызмет көрсету кешенінің құрылыс алаңында болды. Оның аумағы 37 гектарды құрайды. Мұнда жалпы құны 2 триллион 79 миллиард сумды құрайтын 7 жоба жүзеге асырылуда.

    Оның біріншісі – автоқосалқы бөлшектер нарығы жақын арада іске қосылмақ. 11 гектарды алып жатқан цехтарда 3 мың жұмыс орны ашылады.

    Қазіргі таңда газоблок, пенопласт, әк және нығыздағыш шығаратын кәсіпорындардың құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Олар биылғы жылдың соңында пайдалануға беріледі. Сондай-ақ, алдағы жылдары «Көксарай автомолл» сауда ойын-сауық орталығы, шыны өңдеу кәсіпорны, пластмасса және алюминий есік айна жасайтын кәсіпорынның құрылысын аяқтау жоспарланған.

    Жалпы бұл жобалар он мыңға жуық адамды тұрақты жұмыспен қамтамасыз етеді.

    Мемлекет басшысы мұның маңыздылығына тоқталып, жобаларды жеделдету, жергілікті өндірістерді жолға қою, жұмыссыз халықты жұмыспен қамту маңыздылығын атап өтті.