Самарқант қаласында « Discovering Uzbekistan» II- халықаралық туристік конференциясы өтті

    Туризм 23 Oktabr 2022 1416

    2022 жылдың 21 октябрінде Самарқант қаласында халықаралық авиакомпаниялардың, туристік агенттіктердің, қонақүйлердің өкілдері, сондай-ақ дипломатиялық корпус, министрліктер, кеңселер мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысуында «Discovering Uzbekistan» ІІ- халықаралық туристік конференциясы өтті.

    Туризм және мәдени мұра министрлігі, «Uzbekistan Airports» акционерлік қоғамы, Сыртқы істер министрлігі, Транспорт министрліктері және Самарқант туристік орталығымен бірге ұйымдастырылған бұл шараның мақсаты — «Өзбекстан» деп аталатын туризм өнімдері туралы айту және және елімізді шетелдік туристерге ашу.

    “Өзбекстанның туризм өнеркәсібі жергілікті және шетелдік саяхатшыларға қызмет көсетуге дайын. – деді Туризм және мәдени мұра министрі Азиз Абдухакимов. – Келер жылы шетелдік туристердің санын 7,3 миллионға, жергілікті туристер санын 12 миллионға жеткізуді жоспарлап отырмыз.

    Жоспарларымызды жүзеге асыруда, ең алдымен, көлік-логистика саласында жасалған қолайлы мүмкіндіктерді тиімді пайдалану қажет. Осы тұрғыдан алғанда, бұл шара туризм және көлік ұйымдары, сарапшылар мен шетелдік серіктестер үшін тиімді болатына сенімдімін”.

    Конференцияда туризм мен авиация салаларының проблемалық мәселелері талқыланып, ерекше аймақтар мен ерекше туристік орындар таныстырылды. Сондай-ақ Өзбекстан әуежайларының мүмкіндіктері мен рейстер санын көбейту жоспарлары туралы айтылды. Сонымен қатар, жаңа аймақтық авиакомпания — «Silk Avia» тұсаукесері өтті, деп хабарлайды Туризм және мәдени мұра министрлігінің баспасөз қызметі.

    Соңында конференция қатысушыларына «Мәңгілік қалаға» саяхат ұйымдастырылды.