Самарқантта Әбу Әли ибн Синаның дәстүрлі медицинасының дамуындағы маңыздылығы талқыланды

    Кеше Самарқат қаласында дәстүрлі медицина бойынша «Әбу Әли ибн Сина және Ұлы Жібек жолы» 1-халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

    Әбу Әли Ибн Синаның туылғанының 1042 жыл толуына арналған ғылыми конференция Самарқант мемлекеттік медицина университеті, Ибн Сина атындағы қоғамдық қоры, Өзбекстан Денсаулық сақтау министрлігі, Фармацевтика өнеркәсібін дамыту агенттігі және «China-Uzbekistan medicine technical park» ЖШҚ ынтымақастығында ұйымдастырылды.

    Конференцияның ашылу салтанатына Самарқант облысының әкімі Эркинжон Турдимов, Денсаулық сақтау министрі Бехзод Мусаев, Самарқант мемлекеттік медицина университетінің ректоры Жасур Ризаев, «Ибн Сина» қоғамдық қорының басқару төрағасы Нозимхан Махмудов, Өзбекстан Медицина академиясының төрағасы Ибрахим Асқаров, Иранның Өзбекстандағы елшісі Хамид Наийырободи және т.б. қатысты.

    Халықаралық конференция «Білім және халық емшілігі», «Ғылым және халық емшілігі», «Дәстүр және халық емшілігі», «Дәрілік шөптер және халық емшілігі» атты секциялар түрінде өтті.

    Секцияларда Өзбекстан, Германия, Израиль, Үндістан, Оңтүстік Корея, Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Малайзия, АҚШ, Тәжікстан, Түркия, Ресей және басқа да шет елдердің сарапшылары мен ғалымдарының дәстүрлі медицина саласы бойынша 50-ден астам баяндамалары тыңдалды.

    Шара аясында «Ибн Сино» ҚҚ және Самарқант мемлекеттік медицина университетінің Оңтүстік Кореяның Даегу Хаани (Daegu Haany) университеті, Еуропалық медицина қауымдастығы (Германия), Израиль дәрілік өсімдіктер қауымдастығы, Ташкент вакцина және сарысу ғылыми-зерттеу институты, Қазақстанның дәстүрлі және халықтық медицинасы мамандар ұлттық қауымдастығымен Ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды.

    Сондай-ақ, 6 октябрьде өткен халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция алдында «Халық медицинасында экстракт Ganoderma lucidum өнімінің рөлі», «Азотты гетеросиклді қоспалардың негізінде жаңа дәрілерді жасау», «Вирусты және бактериялды инфекцияларды комлекс емдеуде өсімдіктерден пайдалану мүмкіндігі», «Оңтүстік Кореядағы дәстүрлі медицина тарихы», Оңтүстік Кореядағы дәстүрлі және спорттық медицина бойынша онлайн бағдарламалар, «Акупунктура және остеопатия», «Ибн Сина тұжырымдамаларымен өзіндік көмек және үй жағдайындағы дәріхана» және басқа да шеберлік сабақтары өткізілді.

    Самарқант қаласында өткен халықаралық конференция мен шеберлік сабақтарына қатысушылар дәстүрлі медицина бойынша осы халықаралық ғылыми-практикалық платформаны тұрақты ұйымдастыру туралы бастамаларын білдірді.

    No date selected
    July 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates