Самарқантта «Ұлттық мұраға қосқан үлесім!» акциясы аясында көрме ұйымдастырылды

    13 декабрь күні Самарқант облысындағы «Халықтар достығы және діни бауырмалдылық» мұражайының ғимаратында «Ұлттық мұраға қосқан үлесім» акциясы аясында сатып алынған заттардың көрмесі өтті.

    Көрмені Мәдени мұра агенттігі, Самарқант мемлекеттік мұражай-қорығы ұйымдастырды.

    Аталмыш шара Өзбекстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 27 майда қабылданған «Мұражайларда қызмет көрсету саласын дамыту іс-шаралары туралы» қаулысы негізінде жарияланған «Ұлттық мұраға менің қосқан үлесім!» жалпыхалық акциясы аясында мемлекеттік мұражайларға мәдени құндылықтарды, сонымен қатар тәуелсіздік жылдарында жасалған, жоғары көркемдік құндылыққа ие болған бейнелеу және қолданбалы өнер туындыларын сатып алуға, мәдени құндылықтарды анықтау және әр жылы мемлекеттік мұражайларға сатып алынған мәдени байлықтар көрмесін ұйымдастыру туралы берілген тапсырманың орындалуын қамтамасыз ету бойынша өткізіледі.

    Көрмеде, Самарқант мемлекеттік мұражай-қорығының қызметкерлерінің облыс пен республика бойынша ғылыми экспедициялары кезінде табылған, сондай-ақ халықтан сатып алған бірқатар сирек кездесетін бұйымдар қойылды.

    Атап айтқанда, экспонаттар арасында,

    - Паярықтан табылған сақтардың екі мың жылдық қола қазаны,

    - біздің эрамызға дейінгі 2 ғасыр мен 14 ғасырдағы қола айналар,

    - Қарахан дәуіріндегі 180 күміс монета топтамасы,

    - Шығатай хандарының 236 динары мен дирхамы,

    - жібек кілемдер, көне зергерлік бұйымдар, тарихи киімдер мен картиналар орын алған.

    Бұл заттар болашақта мұражай-қорығы қарамағында ұйымдастырылуы жоспарланған мұражайлардың экспозициясын байытуға қызмет етеді.

    Көрме 13 декабрьден басталғанын естеріңізге саламыз.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates