Форум жұмысын Өзбекстан Республикасы Транспорт министрінің орынбасары Жасурбек Чориев ашты. Шарада цифрлық көлік дәліздерін әзірлеу және басқаруда өзара ынтымақтастық пен кооперацияны дамыту қажеттігі талқылануда.
Қырғызстан Республикасы транспорт және коммуникация министрінің орынбасары Бекжан Рисмендеев, Тәжікстан Республикасы транспорт министрінің орынбасары Шоиста Саидмуродзода, Әзербайжан Республикасы цифрлық даму және транспорт министрлігі аппараты басшысының орынбасары Бахтияр Маммедов, Қазақстан Республикасы Транспорт министрлігінің цифрландыру және мемлекеттік қызметтері департаменті директоры Серғази Омаш, Біріккен Ұлттар Ұйымының Сауданы жеңілдету және электронды бизнес орталығының (UN/CEFACT) төрағасы Сю Проберт ханым қатысуда, деп хабарлайды Транспорт министрлігінің баспасөз қызметі.