Самарқантта Азия әйел-қыздардың форумы өтеді

    Биыл 13-14 май күндері Самарқант қаласында «Әйел-қыздардың экономикалық, әлеуметтік және саяси құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту мәселелеріне аймақтық жанасу» тақырыбында Азия әйел-қыздары форумы өтеді.

    Форумды өткізу туралы бастаманы еліміздің Президенті тарапынан БҰҰ Бас Ассамблеясының 78-сессиясында аймақтық мемлекеттердің жетекші әйелдерінің жасампаздық әлеуетін жүзеге шығару, олардың мемлекет пен қоғамды басқаруда және экономикаға қатысуын одан әрі кеңейтуде тәжірибе алмасу мақсатында көтерілген болатын.

    “БҰҰ-Әйелдер” құрылымымен ынтымақтастықта өтетін форумға елуге жуық шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдары өкілдерінің қатысуы күтілуде.

    Қатысушы елдердің парламенттерінің белсенді әйелдері, үкімет мүшелері, мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам институттарының өкілдері, іскер әйелдер, саясаттанушылар, қоғам белсенділері, ғалымдар, экономика тармақтары мен түрлі сала өкілдері 10 параллель сессия аясында маңызды тақырыптар бойынша пікір алмасады.

    Атап айтқанда, әйел-қыздардың ғылым, білім және инновациялық қызметке қатысуы және цифрлық технологияларды пайдалануы, қазіргі жаһандық экономикада әйелдердің экономикалық мүмкіндіктерін кеңейту арқылы кедейлікті азайту, кәсіпкерлікпен айналысу, көшбасшылық және инновацияларға тарту мәселелері талқыланады.

    Сонымен қатар, Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуде әйелдердің қатысу мәселесі қарастырылуда. Әйел-қыздардың экономикалық мүмкіндіктерін кеңейту, олардың бизнес пен қоғамға қатысуын ынталандырудағы парламенттердің орны, гендерлікке бағытталған бюджеттендіру, қаржылық мүмкіндіктерді пайдаланудағы гендерлік айырмашылықты болдырмау, әйел-қыздар мен балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың барлық түрлерін тоқтату мәселелеріне ерекше назар аударылады.

    “Жасыл”экономиканы насихаттау, климаттың өзгеруінің аймақтағы гендерлік проблемаларына әсері мәселелерінде және, әйел-қыздардың құқықтары мен мүдделерін қорғаудағы беймемлекеттік бейкоммерциялық ұйымдардың озық тәжірибесі мен инновациялық жанасулары да қаралды.

    Форум қорытындысы бойынша Самарқант декларациясының қабылдануы көзделген, деп хабарлайды Олий Мажлис Сенатының баспасөз қызметі.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates