Экономикаға инвестиция құйылып, озық технологияларды белсенді тарту нәтижесінде сала дәйекті түрде дамып келеді. Биылғы жылдың жеті айында Өзбекстанда өнеркәсіп өнімінің көлемі 5,7 пайызға өсіп, 345 триллион сумға жетті. Бұл көрсеткіш электротехника өнеркәсібінде 46 пайызды, жеңіл автокөлік өнеркәсібінде 16 пайызды, құрылыс материалдары өнеркәсібінде 12 пайызды, дайын киім өндірісінде 11 пайызды құрады.
Жұмыс дұрыс жүріп жатқан жерде де өзгерістер болып жатыр. Атап айтсақ, өнеркәсіп көрсеткіші Бандихонда 45 пайыз, Китабта 19 пайыз, Қизириқта 18 пайыз, Кегейліде 14 пайыз өскен. Осындай 25 аудан мен қалада өнеркәсіп көлемі 10 пайыздан астамға көбейген.
Жалпы, жыл басынан бері республикада 2000 жаңа индустриялық жоба іске қосылып, жыл соңына дейін қосымша 1 триллион сумның өнімін шығаруға мүмкіндік жасалды.
Мысалы, «Пистали» алтын кенішіндегі жаңа металлургиялық комбинаттың мерзімінен бұрын іске қосылуына байланысты биылғы жылы қосымша 840 миллиард сумдық өнім өндірілмек. Зауыттағы 50 миллион долларға жуық құрал-жабдықтар өндірістік кооперация негізінде өзімізде жасалған.
Дегенмен, барлық желілер мен аймақтарда мүмкіндіктер толық пайдаланылмай отыр. 34 аудан мен қалада өткен жылмен салыстырғанда өнеркәсіп өнімдерін өндіру көлемі төмендеген. Кейбір салаларда, соның ішінде фармацевтика, былғары-аяқ киім және тоқыма өнеркәсібінде өндіріс пен экспорт қарқыны төмендеген.
Жиында атап өтілгендей, саладағы жаңа мүмкіндіктер мен резервтерді анықтау үшін өңірлерге жұмыс топтары жіберілді. Мәселен, «Ташлақ» ауданында 23 кәсіпорынның қуатын қалпына келтіріп, 22 жаңа жобаны жеделдетіп, жыл соңына дейін қосымша 1 триллион сомның өнімін шығаруға болатыны анықталған.
Тағы бір мүмкіндік – аудандарда өндірістік кооперацияны кеңейтіп, импортты алмастыратын өнім шығару.
Мәселен, «Алмалық» тау-кен металлургия комбинаты жергілікті өнеркәсіп кәсіпорындарымен ынтымақтастық орнатып, полимер, құйма қосалқы бөлшектер, химиялық реагенттер сынды 1 триллион сомның өнімін алып отыр. Мұндай мүмкіндіктер Әндіжан, Қашқадария, Науаи, Самарқанд және Хорезмде де бар.
Өндіріс тұрақтылығындағы басты мәселелердің бірі – энергиямен қамтамасыз ету. Сондықтан Премьер-Министрдің басшылығындағы комиссияға қосымша өндірісті ескере отырып, өңірлердің ай сайынғы энергетикалық балансын әзірлеу міндеті жүктелді. Өнеркәсіптік кәсіпорындарды алдын ала ескертпей электр қуатын тоқтату мүмкін еместігі қатаң ескертілді.
Жыл соңына дейін 232 жергілікті өнеркәсіптік кәсіпорын өнім көлемін арттырып, 210 ірі индустриялық жобаны толықтай іске қосу қажет екені айтылды. Өнеркәсіп қорын тиімді пайдалану, шығынға батқан өнеркәсіп кәсіпорындарын қалпына келтіру, экспорттаушыларға көлік жағынан көмек көрсету бойынша тапсырмалар берілді.
Жиында сала басшылары мен облыс әкімдері жыл соңына жоспарланған өндірістік және экспорттық көрсеткіштер, күзгі-қысқы маусымда өнеркәсіп кәсіпорындарын энергия ресурстарымен қамтамасыз ету шаралары туралы ақпарат берді.