Сауд Арабиясымен экономикалық және мәдени байланыстар дамиды

    Үстіміздегі жылдың 28 сентябрінде Өзбекстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – инвестициялар және сыртқы сауда министрі Жамшид Ходжаев Сауд Арабиясы Патшалығының Қажылық және Умра министрі Тавфиқ ибн Фавзан ал-Рабиямен кездесті.

    Сұхбатта екі ел арасындағы көпқырлы ынтымақтастықтың негізгі жақтары мен оны дамыту болашақтары, сондай-ақ Өзбекстан азаматтарының Қажылық және Умра зияраттарын ұйымдастыру мәселелері талқыланды.

    Тараптар Өзбекстан мен Сауд Арабиясы арасындағы көпқырлы өзара мүдделі қарым-қатынастардың дәйекті дамуын, оның ішінде саяси, экономикалық және туристік салалардағы қарым-қатынастарды жандандыруды жоғары бағалады.

    Өзбекстан Президентінің ағымдағы жылдың август айында Сауд Арабиясына соңғы 30 жылдағы алғашқы тарихи сапары Патшалықпен жан-жақты және ұзақ мерзімді ынтымақтастықты одан әрі дамытуға, өзара қарым-қатынастарды мүлде жаңа деңгейге көтеру үшін түрткі болғаны атап өтілді.

    Атап айтқанда, сапар барысында Сауд Арабиясының компанияларымен жалпы құны 15 миллиард долларлық келісімшарттарға қол қойылып, энергетика, химия, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы, құрылыс, фармацевтика, инфрақұрылымдық құрылыс, тағы басқа да салаларда 14 біріккен жобаны жүзеге асыру туралы келісімдерге қол жеткізілді.

    Екі ел арасындағы өзара сауда мәселелері талқыланды. Тараптар Өзбекстан мен Сауд Арабиясы арасындағы сауда қарым-қатынастарын одан әрі дамыту, яғни жеткізілетін тауарлар түрлерін кеңейту, көлік-логистикалық байланыстарды кеңейту үшін үлкен мүмкіндіктер бар екенін атап өтті.

    Өзбекстандықтардың Қажылық және Умра зияраттарын ұйымдастыру мәселелері ерекше талқыланды. Тараптар 2018 жылдың октябрь айынан бастап Умра квоталарының жойылуын құптады, бұл бұған дейін мұндай мүмкіндікті ұзақ күтуге тура келген халықтың ниеттерін жүзеге асыруға жағдай жасады.

    Өзбекстандық зияратшылардың шекаралық және кедендік бақылаудан өтуі және биометриялық деректерді электронды тіркеу шарттарын оңтайландыру үдерісін жеделдету бойынша келісімге қол жеткізілді, деп хабарлайды Инвестициялар және сыртқы сауда министрлігінің баспасөз қызметі.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates