HGM (Dr.Sulaiman AL-Habib Medical Group) Таяу Шығыстың жекеменшік секторындағы медициналық қызметтердің жетекші жеткізіп берушілердің бірі болып табылады.  Сауд Арабиясы Корольдігі, Біріккен Араб Әмірліктері мен Бахрейн Корольдігінің 18 медициналық мекемесі компанияның басқаруында.

Құжатқа сәйкес, Өзбекстанның денсаулық сақтау жүйесіндегі медициналық деректерді цифрландыру және орталықтандыру, сондай-ақ науқастармен өзара сұхбаттасу үдерістерін жетілдіру мақсатында заманалық технологияларды, сондай-ақ, Ташкенттің ең ірі медициналық мекемелерінің бірін HMG  жеткізіп беретін  ІТ шешімдерді қосу бойынша сынақ бағдарлама енгізіледі.

Өзбекстанда Өзбекстанда өзбек медицина қызметкерлерін оқыту және біліктілігін арттыру мақсатында HMG медициналық академиясы құрылады. Сонымен қатар, әр жылы  кіші медицина қызметкерлерінен кем дегенде 10 қызметкер жыл сайын Сауд Арабиясының HMG ауруханаларына біліктілігін арттыруға жіберіледі.

Сондай-ақ құжатта Ташкентте HMG-нің озық және заманалық технологиялармен жиһаздалған емханалар мен ауруханалардың  стандарттарына сәйкес келетін заманауи көпсалалы медициналық кешенін құру бойынша жаңа инвестициялық жобаны жүзеге асыру туралы айтылады.

Меморандумға қол қою рәсімі Өзбекстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – инвестициялар және сыртқы сауда министрі С.Умурзаков пен Сауд Арабиясы Корольдігінің Инвестициялар министрі Халид әл-Фалихтың қатысуымен өтті.  Оған Денсаулық сақтау министрі Бехзод Мусаев, Инвестициялар және сыртқы сауда министрлігі жанындағы Тікелей инвестициялар қорының бас директоры Отабек Назиров пен HMG-ның  бас іс жүзіндік директоры Абдулвахоб әл-Абдулвахоб қол қойды, деп хабарлайды Инвестициялар және сыртқы сауда министрлігінің баспасөз қызметі.