Шавкат Мирзияев Сауд Арабиясының іскер топ өкілдерімен кездесу өткізді

    Билік 18 Avgust 2022 5997

    Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев Жидда қаласында Сауд Арабиясы Корольдігінің жетекші компаниялары мен қаржы құрылымдарының басшыларымен кездесу өткізді.

    Іс-шараға Инвестициялар министрі Халид әл-Фалих және корольдіктің «ACWA Power», «SABIC», «Saudi National Bank», «Al Rajhi Capital», «Ma'aden», «Petromin», «Jamjoom Pharma», «SEDCO», «Salic», «Albawani», «Ajlan & Bros», «Desert Technologies» және жиырмаға жуық ірі компаниялар мен корпорациялардың басшылары қатысты.

    Мемлекет басшысының шетелге сапарлары барысында іскер топ өкілдерімен кездесулер өткізу дәстүрге айналған. Мұндай диалогтар қызығушылық танытатын жерлерді анықтауға, өнеркәсіптік кооперация мен инвестициялық ынтымақтастықтың перспективаларын анықтауға жақсы мүмкіндік болып табылады.

    Өзбекстан мен Сауд Арабиясының өзара қарым-қатынастарын, ең алдымен, сауда-экономикалық саладағы жаңа сапалық деңгейге шығарудың әлеуеті зор. Соңғы жылдары Үкіметаралық комиссия мен Іскерлер кеңесінің отырыстары жүйелі түрде өткізіліп келеді. Сауда көлемі артып, бірлескен кәсіпорындар ашылуда.

    Мемлекет басшысы күні кеше Тақ мұрагерімен келіссөздер барысында екіжақты тауар айналымын бірнеше есе арттыру, кәсіпкерлердің бастамаларына жан-жақты қолдау көрсету, инвестициялық жобаларды қаржыландыру туралы келісімге қол жеткізілгенін атап өтті.

    Бұл бірлескен бизнес үшін тамаша мүмкіндік. Атап айтқанда, Өзбекстан бизнесті жүргізуге және шетелдік инвестицияның қатысуын кеңейтуге барынша қолайлы жағдай жасауда.

    Өзбекстанда табысты жұмыс істеп жатқан саудиялық компаниялардың тәжірибесі көрсетілді. Мәселен, «ACWA Power» компаниясымен бірлесіп құны 2 миллиард 600 миллион долларды құрайтын ірі энергетикалық жобалар басталды.

    Қатысушылар назары сапар қарсаңында өткен Өзбекстан-Сауд Арабия іскерлік кеңесі отырысының бұрын сонды болмаған нәтижелеріне аударылды. Атап айтқанда, оның соңында жалпы құны 14 миллиард доллардан асатын жобаларды жүзеге асыру туралы келісімдерге қол қойылды.

    Өткен 30 жылда мұндай орасан зор келісімдерге қол жеткізілмегені, саудиялық әріптестерге барынша жағдай жасау жұмыстары жалғасатыны атап өтілді.

    Мемлекет басшысы саудиялық компанияларды жаңа жобаларды әзірлеу мен жүзеге асыруда тығыз ынтымақтастыққа шақырды.

    Кездесуде Президент Шавкат Мирзияев екіжақты әріптестікті дамытуға қатысты пікірін білдірді. Атап айтқанда, саудиялық кәсіпкерлер Өзбекстандағы ірі банктерді, өнеркәсіптік және инфрақұрылымдық нысандарды жекешелендіруге қатысуға шақырылды. Бірлескен жобаларды жүзеге асырудың ең перспективалы бағыттары ретінде «жасыл» энергетика мен «жасыл» экономика көрсетілді.

    Өзбекстан жел электр станцияларын салу, «жасыл» сутегін өндіру, баламалы энергетиканы дамыту, өнеркәсіпте цифрландыруды тереңдету және бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізуде белсенді ынтымақтастыққа дайын екені айтылды.

    Мемлекет басшысы Өзбекстан цифрлық экономика, био және нанотехнологиялар, бағдарламалық қамтамасыз ету, инновациялар және жасанды интеллект салаларындағы әріптестікті кеңейтуге мүдделі екенін атап өтті.

    Азық-түлік өнімдерін өндіру, сауықтыру және туристік жобаларды жүзеге асыруға баса назар аудару ұсынылды.

    Сондай-ақ Сауд Арабиясының Даму Қорының қатысуымен Өзбекстанда су және электрмен жабдықтауға қатысты инфрақұрылымдық жобаларды жетілдіруді жалғастыру жоспарланған.

    Ынтымақтастық ұсынысына жауап бере отырып, Сауд Арабиясының компаниялары, холдингтері мен корпорацияларының басшылары Өзбекстанда белсенді бизнес үшін жасалған жағдайды жоғары бағалады. Олар өз сөзінде бірлескен жобаларды жүзеге асыру бойынша жоспарларын айтып, түрлі бағыттағы өзара қарым-қатынастар мен серіктестіктерді дамыту туралы ойларымен бөлісті.

    Президент Шавкат Мирзяеев саудиялық әріптестердің ұсыныстары мен пікірлерін мұқият тыңдап, барлық жобалардың жүзеге асуына қатаң бақылау орнатылатынын атап өтті.

    Шенеуніктерге пәрменді тетіктері мен нақты орындалу мерзімі көрсетілген кешенді «Жол картасын» қабылдау тапсырылды. Осы арқылы мүдделі министрліктер мен ведомстволардың басшылары сапар аясында қол жеткізілген барлық уағдаластықтардың орындалуына дербес жауапты болады.

    No date selected
    March 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates