Сенат Кеңесінің сегізінші жалпы мәжілісіне 2025 жылғы 25 июньде шақырылады

    Үстіміздегі жылдың 24 июнінде Олий Мажлис Сенаты Кеңесінің кезектегі мәжілісі өтті. Мәжілісті Сенат Төрайымы Танзила Нарбаева жүргізді.

    Кеңес Сенаттың сегізінші жалпы мәжілісін 2025 жылғы 25 июніне шақыру туралы қаулы қабылдады.

    Бейнеконференцбайланыс жүйесі арқылы өткізілетін жалпы мәжілістің күн тәртібіне қоғам, саясат, экономика, заң шығару, халықаралық ынтымақтастық және адам құқықтары салаларына қатысты бірқатар маңызды заңдар, сондай-ақ парламенттік бақылау аясындағы мәселелер енгізілген.

    Атап айтсақ, парламент депутаттарының жүзеге асырған реформалардың нәтижелілігі, аумақтардағы жұмыс барысы, тұрғындарды толғандырған мәселелердің шешімін табу туралы Өзбекстан Республикасының Президенті Ш.М. Мирзияевтың белгілеп берген үстем бағыттары бойынша, Олий Мажлис Сенаты мен халық депутаттарының жергілікті Кеңестердің алдына қойған бірінші дәрежелі міндеттер талқыланады.

    Сонымен қатар, парламент саяси әртүрлілікті қамтамасыз ету және ашықтық пен пікірталас ортасын дамыту мақсатында оппозицияның кепілдік берілген құқықтарын кеңейтуге бағытталған заңды қарастырады.

    Сондай-ақ, сенаторлар сот құжаттары мен басқа да органдар құжаттарының орындауда кепілдік қаржыларын енгзу туралы заңға ұсынылған өзгерістер де талқыланады.

    Сондай-ақ, мәжілісте экономика, аграрлық, экология және инвестициялық салаларға қатысты кейбір заңнамалық құжаттарға қосымша және өзгерістер енгізу туралы заңдар да қаралады.

    Халықаралық ынтымақтастыққа қатысты мәселелер аясында Түркі мемлекеттердің Азаматтық қорғау механизмін ұйымдастыру туралы Келісімді ратификациялау, сондай-ақ Атомдық залал үшін азаматтық жауапкершілік туралы Вена конвенциясына Өзбекстан Республикасының қосылуы туралы заңдарды талқылау жоспарланған.

    Сонымен қатар, сенаторлар Өзбекстан Республикасы Орталық банкінің 2024 жылғы қызметі туралы есебін тыңдайды.

    Сондай-ақ жалпы мәжілісте инвестициялық ахуалды жақсарту, еңбек заңдылығының сақталуын қамтамасыз ету, кәмелетке толмаған балаларды асырау үшін алименттерді өндіру және төлем жүйесін жетілдіру жөнінде тиісті министрліктер мен кеңселерге парламенттік сауалдар жолдау мәселелері де қаралады, деп хабарлайды Олий Мажлис Сенатының баспасөз қызметі.

    No date selected
    December 2025
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates