Сенат комитеті маңызды халықаралық құжаттарды ратификациялауды қолдады

    Оған сенаторлар, жауапты министрліктер мен в кеңселердің өкілдері, жергілікті Кеңестер тұрақты комиссияларының төрағалары, сарапшылық топтардың мүшелері және БАҚ қызметкерлері қатысты.

    Үстіміздегі жылдың 25 сентябрінде Сенаттың Халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық байланыстар, шетелдік инвестициялар және туризм мәселелері жөніндегі комитетінің мәжілісінде маңызды заңдардың алғашқы талқылауы өтті.

    Мәжілісте «Халықаралық еңбек ұйымының ақылы төленетін демалыстары туралы 132-санды Конвенциясын (1970 жылы қайта қаралған) (Женева, 1970 жылы 24 июнь) ратификациялау туралы» Заң қаралды.

    Конвенцияда еңбек қатынастарындағы қызметкерлердің еңбек қызметін жүзеге асыруға байланысты құқықтарын, сонымен бірге демалыс пен ақылы төленетін демалыстарды пайдалану құқықтарын қамтамасыз ету шараларын күшейту сияқты мәселелер көзделген.

    Сондай-ақ мәжілісте сенаторлар тарапынан «Өзбекстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы құпия ақпаратты өзара қорғау туралы Келісімді (Сиань, 2023 жылғы 18 май) ратификациялау туралы» Заңы да қаралды.

    Белгіленгендей, Келісімде Өзбекстан Республикасы және Қытай Халық Республикасы Үкіметтерінің екіжақты ынтымақтастығы үдерісінде қалыптасқан құпия ақпараттарды өзара қорғау қамтамасыз етуге қатысты мәселелер өз көрінісін тапқан.

    Күн тәртібінде талқыланған мәселелер бойынша Комитеттің тиісті қаулылары қабылданды, деп хабарлайды Олий Мажлис Сенатының баспасөз қызметі.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates