Сенат төрайымы сапары аясында 12 июньда бірқатар екіжақты кездесулер өткізді. Халықаралық еңбек ұйымының бас директоры Жильбер Унгбомен болған сұхбат барысында Өзбекстан мен Халықаралық еңбек ұйымы арасындағы қарым-қатынастардың қазіргі жағдайы мен болашағы, атап айтқанда, ынтымақтастық аясын кеңейту, сонымен қатар елімізде лайықты еңбек жүйесін жүйелі түрде жүзеге асыру мәселелері басты назарда болды.
Сұхбат кезінде Өзбекстанның осы ұйыммен соңғы жылдарыдағы іс жүзіндік ынтымақтастығы нәтижесінде еңбек қатынастары жүйесі нығайтылғаны, салада 10 жоғары көрсеткішке қол жеткізілгені айтылды.
Сенат Төрайымы еліміздің Халықаралық еңбек ұйымымен (ХЕҰ) ынтымақтастығына тоқталып, Өзбекстанның әрдайым халықаралық еңбек стандарттарын қатаң сақталуын ұстануы, бұл мәселелер мемлекеттік саясаттың үстем бағыты екенін, еңбек қатынастары саласында біріккен жоба мен бағдарламаларды жүзеге асыру арқылы ХЕҰ мен ынтымақтастықты одан әрі жүйелі нығайту Өзбекстан үшін маңызды екенін айтты.
Өз кезегінде, Ж.Унгбо Өзбекстанда адам мүддесін бірінші орынға қоятын ауқымды реформаларды жақсы білетінін атап өтті. ХЕҰ басшысы елімізде жүргізіліп жатқан конституциялық реформаларға тоқталып, Өзбекстанның әлеуметтікке бағытталған мемлекет құрудағы табандылығы мен ерік-жігерін жоғары бағалады.
Кездесу соңында еңбек қатынастары бағытында алдағы жоспарларды өмірге енгізуде ынтымақтастық байланыстарды одан әрі нығайту, бірге жүзеге асыратын жобаларды жеделдетуге келісіп алды.
Халықаралық әлеуметтік қамсыздандыру ассоциациясының (ISSA) Бас хатшысы Марсело Аби-Рамия Каетаномен кездесу барысында екіжақты ынтымақтастықты жаңа деңгейге шығару мәселелері талқыланды.
Сұхбат кезінде Т.Нарбаева Ассоциация тарапынан әлеуметтік саланы дамытудың негізгі іс-шаралары әзірленіп, өмірге енгізілгені және олардың тиімді нәтижелеріне орай, әлемде әлеуеттік қамтамасыз ету механизмдерін дамыту саласында маңызды ұсыныстар дайындалып жатқанын атап өтті.
М.Каэтано Өзбекстанның әлеуметтік салада жүзеге асырып жатқан реформалары, халықты әлеуметтік қорғау мәселесін мемлекеттік саясаттың үстем міндеті деңгейіне көтеріп жатқаны құрметке лайық екенін атап өтті. Бас хатшы Халықаралық әлеуметтік қамсыздандыру ассоциациясының Өзбекстанда жаңадан құрылған агенттігімен ынтымақтастық орнатуға дайын екенін білдірді.
Диалог соңында Халықаралық әлеуметтік қамсыздандыру ассоциациясымен тұрғындарды әлеуметтік қорғауды белсенді және жан-жақты дамыту бойынша аладағы жобалар мен бағдарламаларды жүзеге асыруға келісілді.
Сондай-ақ Т.Нарбаева Халықаралық еңбек ұйымының жұмысшылармен жұмыс жөніндегі бюросының директоры Мария Хелена Андремен сұхбаттасты.
Сұхбат кезінде лайықты еңбек және әлеуметтік қорғау қағидаттарын енгізу, бейресми жұмыспен қамтуға қарсы күрес, тұрғындардың әлеуметтік қорғауға мұқтаж буындары негізінен табыспен қамтамасыз ету, еңбек және тұрғындарды әлеуметтік қорғау саласындағы халықаралық стандарттарды енгізу мәселелеріне назар аударылды, деп хабарлайды Олий Мәжілісі Сенатының баспасөз қызметі.
Т.Нарбаеваның айтуынша, Бюро бүгінде түрлі елдер, сонымен қатар Өзбекстанда да еңбек қатынастары саласындағы өзекті институционалдық проблемаларды шешуге белсенді көмек көрсетіп жатқанын, соның нәтижесінде Өзбекстанның кәсіподақтармен және басқа құрылымдармен аймақтық және жаһандық ынтымақтастығы дамып келе жатқанын мәлімдеді.
ХЕҰ Бюросының басшысы кез келген жаңғырту үдерісінде жұмысшылардың құқықтарын, ұйымдар екендігі, лайықты еңбек құқығын кепілдеуінің негізгі қағидаттарына негізделген экономикалық және әлеуметтік даму үстем болуы тиіс екенін атап өтті.
– Өзбекстанда ХКҰ-мен ынтымақтастықта құқықтық және институционалдық негіздерді нығайту бойынша көп жұмыстар атқарылды. Енді қол жеткізген нәтижелердің тұрақтылығын қамтамасыз ететін кез келді, - деді Мария Хелена Андре.