Олий Мажлис Сенатының Төрайымы Танзила Нарбаеваның 22 ноябрьде Қытай Халық Республикасының еліміздегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Юй Сзюнмен өткен кездесуінде осы жақтарға назар аударылды.

Кездесуде екі ел арасындағы саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық, мәдени-гуманитарлық, туризм және тағы басқа да салалардағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелері талқыланды.

Атап өтілгендей, елдеріміз басшыларының тұрақты сұхбат жүргізуі, өзара сапарлары мен кездесулерінің нәтижесінде халықтарымыздың арасында түрлі салалардағы байланыстар мүлдем жаңа деңгейге көтерілді.

Сауда-экономикалық саладағы ынтымақтастықта оң көрсеткіштер байқалып, ағымдағы жыл басынан бері (январь-август) өзара тауар айырбастау көлемі 36 пайызға өсті. Көрсеткіштерді одан әрі арттыруға мүмкіндіктер айтарлықтай екені, тек үкіметтер деңгейінде ғана емес, аумақаралық ынтымақтастық байланыстарды одан әрі кеңейту қажеттігі де айтылды.

Парламентаралық байланыстар елдеріміз арасындағы жан-жақты стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтудың іс жүзіндік механизмі екендігін негізге ала отырып, Олий Мажлис пен бүкіл Қытай Халықтық өкілдері Кеңесі арасындағы өзара ынтымақтастықты одан әрі жеделдету және ол үшін белсенді іс әрекеттерді жүргізу маңыздылығы атап өтілді, деп хабарлайды Олий Мажлис Сенатының баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, диалог барысында ғылым, білім және мәдени-гуманитарлық бағыттардағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту болашақтары қарастырылды.