Сенатта халықтың әлеуметтік қорғауға бағытталған заңдар бірінші талқыланды

    Сенаттың Ғылым, білім және денсаулық сақтау мәселелері комитетінің Жұмысшы топ мәжілісінде «Өзбекстан Республикасының кейбір заң құжаттарына азаматтардың әлеуметтік қорғалуын одан әрі күшейтуге бағытталған өзгерістер мен қосымшалар енгізу туралы» және Өзбекстан Республикасының кейбір заң құжаттарына өзгерістер енгізу туралы» Өзбекстан Республикасының заңдары бірінші талқыланды.

    Мәжілісте сенаторлар, Қарақалпақстан Республикасы Жоқорғы Кеңгеси, халық депутаттарының облыстар мен Ташкент қалалық Кеңесінің, Білім, денсаулык сақтау, мәденият, спорт және әлеуметтiк қорғау мәселелерi жөнiндегi тұрақты комиссия төрағалары, Комитеттің сарапшылары, министрлiк пен кеңселер және бұқаралық ақпарат құралдарының өкiлдерi қатысты.

    Сенаторлар елімізде қарттар мен еңбекке қабілетсіз тұлғаларды әлеуметтік қорғауды күшейтуге қаратылған реформалар сатылай жүзеге асырылып жатқаны, сонымен қатар зейнетақы тағайындау тәртіп-қағидаларын оңайландыруға ерекше назар аударды.

    «Өзбекстан Республикасының кейбір құжаттарына азаматтардың әлеуметтік қорғалуын одан әрі күшейтуге бағытталған өзгерістер мен қосымшалар енгізу туралы» Заңы да осылар қатарында.

    Заңмен «Жалға беру туралы» Заңға жалға алушының мүгедек болып қалғаны жалға беру келісімшартының күшін жоюы үшін негіз болуын жоюды көздейтін өзгертулер енгізілуде.

    Сонымен қатар «Азаматтардың мемлекеттік зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңға да бірқатар өзгерістер мен қосымшалар енгізілуде. Атап айтқанда, бас бостандығынан айыруға үкім шығарылған тұлғалардың жазаны өтеу мекемелерінде жазасын өтеу кезеңінде атқарған кез келген жұмысы, егер осы жұмыс атқарылған кезең үшін жазасын-атқару мекемесі тарапынан әлеуметтік салықты төлеген болса, осы жұмыс түрін зейнетақы алу құқығын беретін еңбек өтілі санатына енгізу көзделген.

    Осы Заңға енгiзiлген тағы бiр маңызды жаңалық – зейнетақы тағайындауға өтiнiш беру тәртiбiн жетiлдiру және азаматтарға зейнетақы тағайындау үшін Өзбекстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Халыққа қызмет көрсету орталықтары немесе Өзбекстан Республикасының Бірыңғай интерактивтік мемлекеттік қызмет көрсету порталы арқылы өтініш жасау құқығы көзделген.

    Сондай-ақ, зейнетақы мөлшері ресми түрде белгіленген ең төменгі тұтыну қаражаттарынан төмен болмауы керектігі белгіленуде.

    Мәжілісте “Өзбекстан Республикасының кейбір заң құжаттарына өзгерістер енгізу туралы» Өзбекстан Республикасы Заңы да қызу талқыланды.

    Заңмен «Азаматтардың денсаулығын сақтау туралы» заңға рецептсіз берілетін дәрілік заттардың тізімін Денсаулық сақтау министрлігі тарапынан бекіту тәжірибесін жоюды көздейтін өзгертулер енгізілуде.

    Сондай-ақ, «Дәрі-дәрмектер мен фармацевтикалық қызмет туралы» Заңда Денсаулық сақтау министрлігіне дәрілік заттарды рецепт бойынша немесе рецептсіз берілетін дәрілік заттар санатына енгізу тәртібін бекіту өкілеті берілуде және дәрілік заттарды өндіруде қолданылатын дәрілік заттарды (субстансияларни) мемлекеттік тізімнен өткізу тәжірибесі жойылады.

    Сонымен қатар, «Есірткі құралдары мен психотроптық заттар туралы» Заңда Заңда Министрлер Кабинетi тарапынан белгіленетін кейбір прекурсорларды Заңда назарда тұтылған мақсаттарда өндіру және дайындау заңды тұлғалар тарапынан оларда жекеленген прекурсорларды өндіру және дайындау үшін лицензиялары бар болған жағдайда ғана Өзбекстан Республикасының сұраныстары аясында жүзеге асырылуы белгіленуде.

    Мәжіліс қатысушыларының айтуынша, Заң халықтың және кәсіпкерлік субъектілерінің медициналық тәжірибесінде қолдануға рұқсат етілген дәрі-дәрмектер туралы хабардар болу деңгейін арттыруға, сондай-ақ инвесторларды тартуға жағдайлар жасау және химиялық өнімдер өндірісін арттыруға қызмет етеді.

    Талқылау соңында заңдар туралы министрліктер мен кеңселердің өкілдері, Комитет сарапшыларының ой-пікірлері тыңдалып, Комитеттің тиісті қаулысы қабылданды, деп хабарлайды Олий Мажлис Сенатының баспасөз қызметі.

    No date selected
    May 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates