Анықтама ретінде айту орынды, Бауырмалдылық пен тыныштық бойынша жаһандық кеңес 2017 жылдың 2 ноябрінде Малтада құрылған. Кеңесті құрудағы мақсат – бейбітшілік пен бауырмалдылық мәдениетін жетілдіру, кемсітушілік, діни ымырасыздық, ұлтшылдық сияқты індеттерге қарсы күресу, тыныштыққа қол жеткізу үшін бауырмалдылық қағидаттарын жетілдіруде құқықтық өлшеидерін жетілдіру болып табылады. Кеңес бұл мәселеде БҰҰ және тағы басқа да халықаралық ұйымдармен тығыз ынтымақтастық жасайды.

Сұхбат барысында Өзбекстан мен Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы ынтымақтастықтың жоғары қарқыны атап өтіліп, елдеріміздің басшылары арасындағы өзара сенімге негізделген қарым-қатынастар шешуші рөл атқаратыны атап өтілді.

А. Ал-Жарвон бауырмалдылық пен бейбітшілік идеяларын ілгерілету мақсатында негізгі ұлттық парламенттермен ынтымақтастықты дамытуға ұмтылып жатқан өзі басқаратын халықаралық беймемлекеттік ұйым туралы ақпарат берді.

Еліміздегі бай мәдени-тарихи мұра мен көп ғасырлық бауырмалдылық  дәстүрлері, сондай-ақ республикадағы барлық салаларда болып жатқан өзгерістер Бауырмалдылық пен тыныштық бойынша жаһандық кеңестің Өзбекстанмен ынтымақтастығын нығайтуда маңызды фактор екені атап өтілді.

Кездесу соңында Өзбекстан мен Бауырмалдылық пен тыныштық бойынша жаһандық кеңестің арасындағы ынтымақтастықты практикалық тұрғыдан кеңейтуге келісілді, деп хабарлайды Олий Мажлис Сенатының баспасөз қызметі.