Сенатта Ресей Федерациясының Өзбекстандағы елшісімен кездесу өтті

    2025 жылдың 2 июнінде Олий Мажлис Сенатының Төрайымы Танзила Нарбаева Ресей Федерациясының Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Олег Мальгиновпен кездесті.

    Сұхбат кезінде Елшінің Өзбекстандағы дипломатиялық қызметінің табысты және нәтижелі кезеңі қортындыланды. Оның соңғы төрт жылдағы Өзбекстан-Ресей қарым-қатынастарын дамыту мен нығайтуға қосқан елеулі үлесі атап өтілді.

    Парламентаралық, сонымен қатар халықаралық парламенттік құрылымдары шеңберінде ынтымақтастықты одан әрі нығайту мәселелеріне ерекше назар аударылды. Өзбекстан мен Ресей Президенттерінің саяси ерік-жігері екіжақты байланыстарды дамыту мен тереңдету үшін негіз ретінде шешуші мәнге ие екені баса айтылды. Сондай-ақ, парламенттер екіжақты диалогты жандандыруда парламенттердің маңыздылығы артып жатқаны айтылды.

    Кездесу нәтижесінде тараптар екі ел халықтарының мүддесі үшін сындарлы және өзара тиімді ынтымақтастықты жалғастыруға келісті, деп хабарлады Олий Мажлис Сенатының баспасөз қызметі.

    No date selected
    December 2025
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates