Онда Өзбекстан Республикасы Олий Мажлис Сенатының Қорғаныс және қауіпсіздік мәселелері комитеті тарапынан 2023 жылғы қызметі бойынша есебі мен 2024 жылға жүзеге асырылуы жоспарланған істер талқыланды.
Комитет мәжілісінде сенаторлар, Комитет құзырындағы Сараптамалық топтың мүшелері, министрліктер мен кеңселердің өкілдері және БАҚ қызметкерлері қатысты.
Мәжіліс барысында атап өтілгендей, Комитет мүшелері елімізде жүргізіліп жатқан реформалардың заңдылық негіздерін нығайтуда парламент бақылауды жүргізу үдерістеріне белсенді қатысты. Қаралған әрбір заң мен мәселені талқылауда адам құқығын қамтамасыз ету, еліміздің дамуы, аумақтардың мүддесін ілгерілету сынды тұстарына ерекше көңіл бөлінді. Сондай-ақ еліміздің халықаралық аренадағы имиджін жақсарту, сонымен қатар парламентаралық байланыстарды дамыту, жергілікті Кеңестердің қызметін күшейту сынды маңызды бағыттар бойынша жұмыс атқарды.
Өткен кезеңде Комитеттің өткізілген 14 мәжілісінде 41 мәселе қаралды.
Солардың бірі – «Жол қозғалысы туралы» Заң. Сенат тарапынан мақұлдаған бұл Заң жолдардағы азаматтарымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, жол қозғалысын дұрыс ұйымдастыруға және жүйелі жолға қоюға, Мемлекет басқаруы мен өкілетті органдар арасындағы тиімді ынтымақтастық жүйесін енгізуге, сондай-ақ жол қозғалысы қатысушыларының құқықтары мен мүдделерін қорғауға қызмет етуде.
Комитет өткен жылы заң шығару қызметімен қатар бақылау-талдау жұмыстарына да ерекше көңіл бөлді.
Елімізде жер асты учаскелерінде алтын барлаушылардың әдісімен бағалы металдарды өндірудегі қолданыстағы заңдылық нормаларының орындалуы бойынша зерттеулердің нәтижелері Комитет мәжілісінде қызу талқыланды.
Сенаторлар жыл барысында халықты толғандырып жүрген түйткілді мәселелермен қатар республикалық деңгейдегі өзекті мәселелерді шешуге де кірісті. Оларды шешуге Үкімет, жауапты министрліктер мен кеңселердің назары аударылды.
Сонымен қатар, Комитет тарапынан көтерілген көпқабатты үйлер мен тұрғындар шоғырланған нысандарда пайдаланылатын лифттерге қатысты көтерген мәселелер Министрлер Кабинеті тарапынан зерделенді.
Сонымен бірге, Комитетте «Uzbekistan Airways» АҚ қарасты билет сату кассаларының қызметінде ескірген бюрократиялық әдістер сақталып қалғандығы, азаматтар өз туыстарына билет сатып алу үдерістерінде олардан азаматтық төлқұжаттың түпнұсқасы талап етілетіндігі, түрнұсқасы ұсынылмағанда билет сатылмайтындығы айтылатын еді. Өз кезегінде, Министрлер Кабинеті тарапынан аталған мәселеге қатысты олқылықтар мен заңбұзушылықтарға шек қою бойынша пәрменді іс-шаралар қаралды.
Өткен жыл барысында Комитет мүшелері тарапынан жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен 5 437 өтініш, соның 2 373 өтінішті Сенатта тұрақты жұмыс істейтін сенаторлар қарады. Орындарда жалпы 4 598 жуық азамат қабылданды.
Бұл ретте, Қорғаныс және қауіпсіздік мәселелері комитетінің мүшелері тиісті аумақ және сайлаушылардың мүдделеріне қатысты проблемаларды шешу үшін парламенттік бақылаудың сенатор сауалы формасынан жиырма рет пайдаланған.
Сондай-ақ, өткен 2023 жылы сенаторлардың табандылығының арқасында жер-жерлерде халықты ауыз сумен қамтамасыз ету, ішкі жолдарды салу және жөндеу, электр-энергиясына қатысты проблемаларды жою, жалпы сайлаушыларды толғандырған мәселелерді шешу бағытында да айтарлықтай жұмыстар атқарылды.
Комитет мәжілісінде 2024 жылы атқарылатын жұмыстарға қысқаша тоқталды.
Мәжіліс соңында қаралған мәселелер туралы Комитеттің тиісті қаулысы қабылданды, деп хабарлайды Олий Мажлис Сенатының баспасөз қызметі.