Сенаттың қырық жетінші жалпы мәжілісіне шақыру туралы қаулы қабылданды

    Ел назарында 23 Noyabr 2023 1143

    Үстіміздегі жылдың 23 ноябрьде Олий Мажлис Сенаты Кеңесінің кезектегі мәжілісі өтті. Мәжілісті Сенат төрайымы Танзила Нарбаева жүргізді.

    Онда Сенаттың қырық жетінші жалпы мәжілісін 2023 жылғы 24 ноябрь күні шақыру туралы қаулы қабылданды.

    Атап өткендей, бейнеконференцбайланыс жүйесі арқылы өтетін жалпы мәжілісте бірқатар мәселелерді талқылау жоспарлануда.

    «Өзбекстан Республикасының кейбір заң құжаттарына сайлау және референдум өткізу тәртібін одан әрі жетілдіруге қаратылған өзгерістер мен қосымшалар енгізу туралы», Конституциялық Заң, «Топырақты қорғау және оның өнімділігін арттыру туралы», «Мемлекеттік мүлікті жекешелендіру туралы», «Өзбекстан Республикасының Қылмыс, Қылмыс-процессуалдық кодекстеріне және Өзбекстан Республикасының Әкімшілік жауапкершілік туралы кодекске өзгерістер мен қосымшалар енгізу туралы» және «Өзбекстан Республикасының Конституциялық сот туралы» Өзбекстан Республикасының Конституциялық заңға өзгерістер мен қосымшалар енгізу туралы» заңдар осылар қатарында.

    Сонымен қатар, кезектегі жалпы мәжілісте «Өзбекстан Республикасының әділет органдары жүйесін жетілдіруге байланысты Өзбекстан Республикасының кейбір заң құжаттарына өзгерістер мен қосымшалар енгізу туралы», «Өзбекстан Республикасының кейбір құжаттарына республикалық атқарушы билік органдарының атауларын сәйкестендіруге қаратылған өзгерістер енгізу туралы”, «Өзбекстан Республикасының кейбір заң құжаттарына өзгерістер мен қосымшалар енгізу туралы» Заңдарды қарау жоспарлануда.

    Кеңес мәжілісінде Өзбекстан Республикасы мен Италия Республикасы арасындағы бірқатар мәселелерден тұратын келісімдерді ратификациялау туралы және «Өзбекстан Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасындағы одақтастық қатынастар туралы Келісімшартты (Ташкент, 2022 жылғы 22 декабрь) ратификациялау туралы» Заңдар, «Өзбекстан Республикасы Жоғарғы Соттың құрамына өзгерістер енгізу және Сенат Кеңесі қаулыларын бекіту мәселелері мен жалпы мәжілістің күн тәртібінен орын алғаны айтылды, деп хабарлайды Олий Мажлис Сенатының баспасөз қызметі.

    No date selected
    November 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates