Мәжілісте Сенаттың қырық төртінші жалпы мәжілісін 2023 жылғы 24 августта шақыру туралы қаулы қабылданды.

Атап өткендей, бейнеконференцбайланыс жүйесі арқылы өтетін бұл жалпы мәжілісте бірқатар мәселелерді талқылау жоспарлануда.

«Өсімдіктерді қорғау туралы», «Өзбекстан Республикасының кейбір заң құжаттарына валюта тәртібін реттеуге, арендалық-лизингтік қатынастарды жетілдіруге бағытталған қосымшалар мен өзгерістер енгізу туралы», «Өзбекстан Республикасының кейбір заң құжаттарына  денсаулық сақтау органдары қызметі туралы жұртшылықтың хабардар болуын арттыруға бағытталған өзгерістер мен қосымшалар енгізу» және «Жер қойнауы туралы» заңдар осылар қатарында.

Сонымен қатар, жалпы мәжілісте Сұрхандария және Хорезм облыстары аумақтарын әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламаларының орындалу барысын зерделеу нәтижелерін талқылау жоспарланған, деп хабарлайды Олий Мажлис Сенатының баспасөз қызметі.