Бейнеконференция түрінде өткен жалпы отырыста барлығы 20 мәселе қаралып, Сенаттың ресми сайты мен әлеуметтік желілер арқылы онлайн-режимде қамтылғаны айтылды.

Оның 8-і халықтың әл-ауқатын қамтамасыз етуге, олардың тұрмысын жақсартуға қызмет ететін заң. Сондай-ақ, Сенат комитеттері жүргізген зерттеулер мен Министрлер Кабинетіне депутаттық сауал жолдау сияқты бірқатар маңызды мәселелер де сенаторлардың талқылауында болды.

Аумақтық атқарушы органдардың қызметіне бақылауды күшейту, мәдени мұра нысандарын қорғауды арттыру, халық депутаттары Кеңестерінде тұрақты жұмыс істейтін депутаттар корпусын құру және олардың өкілеттіктерін кеңейту арқылы азаматтарға әлеуметтік қызмет көрсетуді күшейту мәселелері БАҚ өкілдерімен  бірге талқыланды.

Сенаттың Жастар, мәдениет және спорт комитетінің 2020-2021 жылдарға арналған қызметі туралы есебі тыңдалды.

Сондай-ақ бүгінде Сенаттың ашықтық пен жариялылықты қамтамасыз етуге үлкен көңіл бөлініп отырғаны айтылды. Атап айтқанда, жалпы мәжіліс «Өзбекстан» және «Uzreport» телеарналарында, Сенаттың әлеуметтік желідегі парақшаларында тікелей эфирде көрсетіліп, жалпы отырыс барысы республикалық және шетелдік БАҚ өкілдерінің қатысуымен көрсетілді.

Қызу пікірталас пен ашық диалог түрінде өткен баспасөз мәслихатында журналистер көкейлерінде жүрген сауалдарына толыққанды жауап алуға мүмкіндік алды.

Өзбекстан Республикасы Олий Мажлиси Сенатының Ақпарат қызметі