Оған 60-тан астам шет елдерден 400-ге жуық туристік компаниялар мен агенттіктер қатысты. Көрме алаңында Өзбекстанның бай мәдени мұрасы мен туристік әлеуетіне арналған стенд ашылды. Бұл стендте Өзбекстанның көрнекті жерлері мен мәдени құндылықтарын бейнелейтін түрлі суреттер қойылды. Көрме қонақтардың назарын республикамыздың түрлі саласы туралы журналдар ұсынылды. Сондай-ақ ұлттық қолөнер бұйымдарының үлгілері келушілердің ерекше қызығушылығын оятты.
«ITB China 2023» менежери Жорж Жаннакулас:
Көрмені ұйымдастырушылардың айтуынша, 3 күнге созылған шараға 20 000-ға жуық қонақтар келген.
Өз кезегінде, еліміздің ұлттық стендіне келген ұйымдастырушылар мен шетелдік қонақтар еліміздің осы салалардағы әлеуетін жоғары бағалады, деп хабарлайды «Дуне» АА.
«ITB China 2023» менежері Жорж Жаннакулас:
– Биылғы «ITB China» халықаралық көрмесіне 60-тан астам шет елден 400-ге жуық өкіл және 700-ге жуық Қытай туркомпаниялардың өкілдері қатысып жатқанын қуанышпен атап өткім келеді. Соның ішінде Өзбекстанның туристік әлеуеті көрсетілуде. Еліміздің осы іс-шараға қатысуы өзара туристер ағынын одан әрі арттырып, осы бағыттағы іс жүзіндік ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға қызмет етеді.
«Kaiyue International travel agency Co. Ltd.» туристік компаниясының басшысы Лю Тао:
— Компаниямыз туризм саласында 15 жылдық тәжірибесі бар. Өзбекстанда бірнеше рет болғанмын. Өзбек халқының қонақжайлылығы, еліңіздің бай тарихы, мәдениеті және әсем табиғаты әлемнің түкпір-түкпірінен туристерді тартуға мүмкіндік береді.
Сондықтан, біз алдымызға қытайлық туристер арасында Өзбекстанның туристік әлеуетін кеңінен насихаттауды және болашақта еліңізге келушілер ағынын одан әрі арттыру үшін бар әлеуетті пайдалануды мақсат етіп қойдық. Бұл мақсатқа қысқа мерзімде жетеміз деп ойлаймын.